Тиімділігі негізіндегі технологиялар



бет4/6
Дата22.10.2022
өлшемі34.31 Kb.
#463278
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
СОЖ 1

Тараз қаласында №8 гимназияда саралап оқыту идеясы 1991-92 оқу жылында қолға алынды.
№8 гимназияның басқа инновациялық мектептерден басты ерекшелігі сол, оқушыларға оқу бітіргенше үш рет гимназия сыныптарын таңдап алуға құқық берілген. Бірінші кезең – 5-сыныпта, екінші кезең – 8-сыныпта, үшінші кезең – 10-сыныпта. Алдын-ала зерттеуге жүгінсек, шамамен оқушылардың 30 пайыздайды гимназия сыныптарын қайта таңдап алатындығы белгілі болып отыр.
Қазақстан мектептерінің осы бағытта қандай жетістіктерінің барлығы толық зерттелмегенімен, аз-кем жұмыстар істелініп жатыр деуге толық негіз бар. Сондай-ақ Қазақстандабілім берудің мемлекеттік емес саласы да кеңейе түсуде. Қазіргі таңда мемлекеттік емес мектептред 15 мың бала оқып жүр. Білім жөніндегі қызмет рыногы құрылды, кез келген рынок сияқты ол да бәсекелестік заңдарымен дамып келеді. “Білім туралы” жаңа заң, “Білім” атты мемлекеттік бағдарлама, осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Осы арқылы білім беру жүйесін нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып, дамытуға жаңаша жағдайлар жасалды.
Мектептерде үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын, бағыт, бағдарын дамытуда саралай оқыту – бүгінгі күннің алға қойған міндетін шешудің негізгі жолы.
Таңдап алынған бағдарламаға сай әрбір пәндерге бөлінетін сағат санын пайдалы әсер коэфиценті жоғары дәрежеге жеткізе еңбек етуді мықтап ойластырған жөн. Бұл арада мұғалім оқулықтар, оқу құралдары, зертхана, кабинет жабдықтарын кеңінен пайдаланып, уақытпен санаспай, шәкірт уақытын аялап, жалықпай, жауапкершілікпен еңбектенсе ғана көздеген мақсат жүзеге асады.
Дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жүйелі түрде шәкірттерге күрделілігі әр түрлі жұмыстарды есептеуге беріп, оған қайтарылған жауаптарына назар аударуы, нәтижелерін арнаулы күнделік дәптерге жазу, басқа пән мұғалімдерімен пікір алысып, оқушының өзімен сырласуы, ата-ананы одақтас етіп, ынтымақтастықты арттыру істің нәтижелі болуына мүмкіндік жасайды. Талапты, талантты шәкірттерге қосымша тапсырма беру, әдебиеттер, есептер жинағын, оқу құралдарын ұсыну, сонымен бірге талап-тілектеріне сай қосымша уақыт бөліп, бірлесе сынақ-тәжірибелер жасау, жаппай жасалатын зертханалық жұмыстар даярлауда көмекке шақыру, көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді жасауда жәрдемдесу, біріге еңбек ету – дифференциалды оқытудың маңызды міндеті.
Сондай-ақ, сыныптан тыс жұмыстарда пәндік апталықтар өткізуде негізгі көмекшілер тағайындауға, жалпы басшылықты талапты, ұйымдастыру қабілеттері бар жас жеткіншектерге беріп, оларға тек бақылау жасау, қажетті кезеңдерде ғана ақыл-кеңес беріп, үйрету назардан тыс қалмағаны жөн. Мұғалім оқушыларға көптеген тамаша кештерден ең қызықтысын іріктеп алудың тәсілдерін үйретуі тиіс.
Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында әрбір тоқсанда оқу үлгерімдеріне сай кейбір шәкірттерді тереңдетіліп оқытатын курсқа ауыстыру мүмкіндіктерін қарастырудың, шәкірттердің еңбектерінің лайықты бағаға ие болуын ойластырып, оларды жүзеге асырудың берері аз болмаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет