3-бөлім. Тапсырыс берушілерді (алушыларды) бағалау
70. Дистрибьютор дәрілік заттарды тек тиісті рұқсаты (лицензиясы) немесе дәрілік заттар айналысына қатысты әрекеттер атқаруға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да заңды негіздемелері бар ұйымдардың жеткізгеніне көз жеткізеді.
71. Жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуын бастапқы және кейінгі тексеруге қатысты әрекеттерге мыналар жатады:
1) тиісті лицензиялар (рұқсатнамалар) көшірмелерін алу;
2) мемлекеттік органдарының сайттарында жарияланған құжаттардағы ақпараттардың түпнұсқалығын тексеру;
3) алушының біліктілігін немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәрілік заттар айналысына қатысты әрекеттерді жүзеге асыру құқығының барын растайтын құжаттарды сұрату.
72. Дистрибьютор жасалған келісімдерді қадағалайды және есірткіні, психотропты заттарды және басқа да қауіпті заттарды тарату тізбегіндегі кез келген ауытқуларға қатысты тергеу жүргізеді. Дәрілік заттардың тағайындалуы бойынша пайдаланылмағанын білдіретін тіркелген өткізу рәсімдерінен ауытқулар анықталғанда тергеу жүргізіледі. Анықталған деректер туралы уәкілетті мемлекеттік органға хабарланады.
4-бөлім. Дәрілік заттарды қабылдап алу
73. Дәрілік заттарды қабылдап алу операциясы бойынша негізгі міндеттері мыналар:
1) қабылданған дәрілік заттардың тауарға қоса берілген құжаттамаға сәйкестігін тексеру;
2) дәрілік заттардың бекітілген жеткізушіден алынғанын тексеру;
3) тасымалдау үдерісінде орын алатын көзге көрінетін бүліністерінің бар-жоғын тексеру.
74. Арнаулы сақтау шарттарын немесе қауіпсіздік шараларын талап ететін дәрілік заттар бірінші кезекте қабылданады және қажетті тексеру іс-шаралары орындалған соң тиісті сақтау аймағына шұғыл орналастырылады.
75. Оқытылған персонал басқа елден келіп түскен дәрілік заттардың нарыққа рұқсат ету дәлелдемелерін олар өткізу аймағына тиісті үлгіде орналастырылғанша мұқият тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |