3-параграф. Аудит бойынша шұғыл деңгейде жоспарлау және есептілік
152. Ұйым жеке аудиттерді жоспарлауды және жүргізуді ескере отырып жазбаша рәсімдер енгізеді. Жеке аудит жасау үшін қажетті барлық шараларды жүзеге асыру мерзімдері аудит жүргізумен байланысты тиісті рәсімдерде белгіленген. Ұйым аудит жүргізуді жазбаша рәсімдерге сәйкес, фармакологиялық қадағалау тиісті практикасының аталған бөліміне сәйкес қамтамасыз етеді.
Фармакологиялық қадағалау жүйесінің жеке аудиттері қауіптерге негізделген аудиттің бекітілген бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жеке аудиттерді жоспарлау кезінде аудитор таңдамалы зерттеулер мен тестілеудің ең қолайлы тәсілдерін қолдану арқылы қаралып отырған саламен ұштасқан қауіптерді анықтайды және бағалайды. Аудит жүргізу тәсілі аудит жүргізу жоспарында тиісті түрде құжатталады.
153. Аудиторлардың қорытындылары аудиторлық қорытындыларда құжатпен ресімделеді және уақытында басшылыққа баяндалады. Аудит процесіне фармакологиялық қадағалау жүйесінің аудиті бойынша заңнама талаптарына және ұсынымдарға сәйкес аудит қорытындыларының аудит объектісіне берілу, кері байланыс алыну және басшылыққа және мүдделі тұлғаларға, оның ішінде фармакологиялық қадағалау жүйесіне жауапты тұлғаларға аудиторлық есептіліктің ұсынылу механизмдері кіреді. Аудит нәтижелері қатысты қауіп деңгейіне сәйкес ұсынылады және фармакологиялық қадағалау жүйесіне, процестерге және процесс компоненттеріне ықпал ететін қауіптерге қатысты олардың қатер шегін көрсету мақсатында жіктеледі. Жіктеу жүйесі фармакологиялық қадағалау жүйесін сипаттаумен анықталады және алдағы есептілікте пайдаланылуы тиіс төменде белгіленген шекті мәндер ескеріледі:
1) қиын жағдай қатер шегіндегі болып бір немесе бірнеше процестің немесе бүкіл фармакологиялық қадағалау жүйесіне және/немесе пациенттердің құқықтарына, қауіпсіздігіне және амандығына ықпал ететін және/немесе халық денсаулығына потенциалды қатер төндіретін және/немесе қолданыстағы заңнама талаптарының күрделі бұзылуына апаратын фармакологиялық қадағалау жүйесінің орындалатын рәсімдерінің принциптік жетіспеушілігі/сәйкессіздігі табылады;
2) елеулі болып бір немесе бірнеше процестің немесе фармакологиялық қадағалау жүйесінің орындалатын рәсімдерінің жетіспеушілігі/сәйкессіздігі немесе бір немесе бірнеше процестің немесе фармакологиялық қадағалаудың орындалатын рәсімдерінің қандай да бір бөлігінің жетіспеушілігі, бұл бүкіл процесте және/немесе пациенттердің құқықтарында, қауіпсіздігінде және амандығында көрініс табады және/немесе халық денсаулығына потенциалды қатер төндіреді және/немесе алайда елеулі болып есептелмейтін қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады.
3) елеулі емес болып күтілгендей бүкіл фармакологиялық қадағалау жүйесінде немесе процестерді және/немесе пациенттердің құқықтарында, қауіпсіздігінде және амандығында теріс көрініс табуы мүмкін емес бір немесе бірнеше процестің немесе фармакологиялық қадағалау жүйесінің орындалатын рәсімдерінің қандай да бір компоненттерінің жетіспеушілігі/сәйкессіздігі.
Шұғыл тәртіпте шешілетін мәселелер бойынша дереу аудит объектісінің басшылығына және жоғарғы басшылығына хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |