Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Сыртқы аудиторлық қызмет жеткізушілері жүргізетін аудиттер



бет245/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

2-параграф. Сыртқы аудиторлық қызмет жеткізушілері жүргізетін аудиттер

160. Фармакологиялық қадағалау жүйесінің қызмет етуіне және тиімділігіне негізгі жауапкершілік ұйымға жүктеледі. Ұйым аудиторлық фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасының аталған талап бөлімі негізінде фармакологиялық қадағалау жүйесінің аудиті бойынша талаптарды орындау үшін сыртқы аудиторлық қызмет жеткізушісіне жүгінуге шешім қабылдаған жағдайда келесі талаптарды орындау керек:


1) аудиторлық қауіпті бағалау талаптары және оны дайындау, аудит стратегиясы, аудит және жеке аудиторлық тапсырмаларының бағдарламасын ұйым сыртқы қызмет жеткізушілерінің назарына жазбаша түрде жеткізеді;


2) жұмыс көлемін, тапсырмаларды және аудит жүргізу талаптарын ұйым сыртқы қызмет жеткізушілерінің назарына жазбаша түрде жеткізеді;


3) ұйым сыртқы аудиторлық қызмет жеткізушілерінің тәуелсіздігі және объективтілігіне құжатпен растау алады;


4) сыртқы аудиторлық қызмет жеткізушісі сондай-ақ фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасы бойынша аталған нұсқаулықтың тиісті бөлімдерін сақтайды.


161. Аудиттер туралы есеп және аудит нәтижелері бойынша әрекеттердің аяқталғанын растайтын мәліметтер 2-тарауда келтірілген талаптарға сәйкес сақталады.

3-параграф. Аудит жүргізуге қойылатын талаптар

162. Тіркеу куәлігінің ұстаушылары қолданыстағы сапа жүйесінің қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында үнемі өз фармакологиялық қадағалауына қауіпке негізделген тексерістер, оған қоса фармакологиялық қадағалау жүйесінің сапа жүйесіне аудит жүргізеді. Аудит жүргізу күні және жүргізілген аудиттің, сонымен қатар бақылау аудитінің нәтижелері тиісті түрде құжатталады.


163. Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау бойынша уәкілетті тұлға фармакологиялық қадағалау жүйесінің аудит нәтижелері туралы есептер алады, сонымен қатар қауіпті бағалауға қатысы бар аудиторларға ақпарат, оған қоса түзету және алдын алу шараларының орындалу жағдайлары туралы мәліметтер ұсынады. ФУТ өткізу орнына қарамастан Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау жүйесіне қатысы бар кез келген аудит нәтижелері туралы ақпарат алады.


164. Уәкілетті орган, уәкілетті ұйым қолданыстағы сапа жүйесінің қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық фармакологиялық қадағалау жүйесіне тұрақты түрде тәуелсіз тексерістер және өз фармакологиялық қадағалауының тұрақты аудитін және қауіптерге негізделген сапа жүйесіне аудит жүргізеді. Аудит жүргізу күні және жүргізілген аудиттің, сонымен қатар бақылау аудитінің нәтижелері тиісті түрде құжатталады.


165. Келісілген және үйлестірілген жоспарлауды, жүзеге асыруды және есептілікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органда, уәкілетті ұйымда жүргізілетін аудиттер қабылданған терминологияға және әдістемеге негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет