«Тик-ток» желісінде трендке айналған билерге шолу 2022-2023 оқу жылы «dance batlle» атты би байқауының сценарийі



Дата22.11.2023
өлшемі344.08 Kb.
#484104
түріСценарий
Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі хип-хоп би байқауы сценарийі


103 мектеп жанындағы «Балдәурен» күндізгі тынығу лагері

«DANCE BATLLE»

(«Тик-ток» желісінде трендке айналған билерге шолу)


2022-2023 оқу жылы


«DANCE BATLLE» атты би байқауының сценарийі
Жүргізуші - Армысыздар, құрметті көрермендер! Мектебімізде өткізілгелі отырған «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» демекші, бүгінгі би кешіне қош келдіңіздер.
«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» - талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз. Ендеше, бұл байқаудың қазылар алқасымен таныс болайық.

1.Лагерь төрағасы: Байділдә Данышпан Қойшыбайұлы


2. Лагерь тәрбиешісі: Ғарифулла Абдоллаұлы
3. Лагерь тәрбиешісі: Асылбек Ержан Айқынбекұлы
Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінде өткелі тұрған би кешінде негізінен «Тик-ток» әлеуметтік желісіндегі трендке айналған билерді тамашалайтын боламыз. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» дегендей, бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік, ағайын.
Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде.
– деген өлең шумақтарымен байқаудың алғашқы қатысушыларын сахна төріне шақырайық.
Жүргізуші : Кешті бастайтын топ «Жеңіс» тобы. Қарсы алайық!
Жүргізуші: Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек қана бейбіт-шілік болуын тілейтін келесі келесі топ «Қыран» тобы-ның талантты бишілерін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші : Сонымен келесі қатысушыларымыз биікке самғайтын, әлемді шарлайтын, белестерді бағындырып, асулардан асатын «Самға» тобына да кезек келді. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Мінеки, жас таланттарға жол ашатын ««DANCE BATLLE»» хип-хоп би байқауы өз мәресіне келіп жетті. Қошеметпен сахна төріне бишілерімізді шақырайық.
Жүргізуші: ««DANCE BATLLE»» би байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін құрметпен әділқазылар алқасына береміз.
Қазылар алқасы жеңімпаздарға марапаттаулар береді.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
Жүргізуші 1: Осымен бүгінгі тартысқа толы «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» би байқауы өз мәресіне жетті. Құрметті көрермендер, жас талантарымызға қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп рақмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.






Лагерь кеші көңілді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет