Тіл біліміне кіріспе



бет21/45
Дата07.03.2024
өлшемі0.75 Mb.
#494614
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Жармакин-О.-Тіл-біліміне-кіріспе

4. Шақ категориясы. Бұл - етістіктерге тән категория. Өйткені іс-әрекет уақытпен тығыз байланысты. Осы шақ - сөйлеу кезімен сәйкес келетін іс-әрекетті білдірсе, ал келер шақ - сөйлеу кезінен соң, яғни келешекте болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді. Мыс: кел+ді, кел+ген өткен шақ); кел+е жатыр, кел+іп тұр (осы шақ); кел+е+ді, кел+мек (келер шақ), т.б.
Бір шактың бірнеше түрі (формасы) болуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде окы+ды+м, оқы+ған+мын дегендердегі -ды, -ған аффикстерінің екеуі де өткен шақты білдіреді. Бірақ олардың мағыналары бірдей емес: алдыңғысы - жедел өткен шақты, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Ағылшын, француз, неміс тілдерінде де өткен шақтың бірнеше түрлері бар.
5. Рай категориясы. Бұл да етістіктерге тән. Ол іс-әрекеттің іске асу мүмкіндігіне сөйлеушінің қалай қарайтындығын білдіреді. Мысалы: оқы, оқыса, оқыса игі еді, оқығысы келеді деген формалар әлі іске аспаған, бірақ іске асуы мүмкін әрекетті немесе қалау тілек, болжам мағынасыңдағы іс-әрекетті білдіреді. Ал оқыдым, оқығанмын, оқимын дегендер ақиқат іс-әрекетті білдіреді.
Тіл-тілде райдың түрлері мен саны әр басқа. Орыс тілінде райдың үш түрі болса, қазақ тілінде бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, ашық рай деген төрт түрі бар.
Етістіктің 2-жақ бұйрық рай түрі рай категориясының негізі болып саналады, басқа райлар осы рай формасынан жасалынады. Бұйрық рай, шартты рай іс-әрекеттің шартын білдіреді; қалау райы сөйлеушінің іс-әрекетке тілегін, ниетін білдіреді. Ал ашық рай үш жақта, үш шақта айтыла береді.
6. Етіс категориясы — етістікке тән. Ол іс-әрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын білдіреді. Мысалы: Оқушы киінді. Киіндіөздік етіс; іс-әрекет өз субъектісіне бағытталған. Жер жыртылды. Мұңдағы жыртылды — ырықсыз етіс; іс-әрекет объектіге бағытталған, бірақ іс иесі көрсетілмеген. Яғни мұнда кімнің істегендігі айтылмай, ненің істелгендігі айтылған.
Ортақ етіс формасы іс-әрекет субъектісінің кемінде екеу екендігін білдіреді. Мысалы: хат жазысты. Өзгелік етіс іс-әрекет субъектісіне басқа бір субъектінің қатысы бар екендігін білдіреді. Мысалы: жолдасым жаздырды.
Өзгелік етіс роман, герман, славян тілдерінде ұшыраспайды. Ол түркі, моңғол тілдеріне ғана тән.
Сонымен, грамматикалық категория деп - біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығын айтады екенбіз. Грамматикалық категориялар: көптік, септік, родтық, жақ, шақ, рай, етіс, вид категориялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет