Тіл біліміне кіріспе



бет24/45
Дата07.03.2024
өлшемі0.75 Mb.
#494614
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Жармакин-О.-Тіл-біліміне-кіріспе

Жанасудың кабысудан тағы бір ерекшелігі - қабысу тек қатар тұру арқылы байланысса, жанасу қатар тұрып та, алшақ түрып та байланыса береді. Мәселен, малшылар жайлаудан кеше келді дегеңді малшылар кеше жайлаудан келді, кеше малшылар жайлаудан келді деп, "кеше" сөзінің сөйлемдегі орнын ортасына, басына ауыстырсақ та, кеше келу деген сөз тіркесінің байланысы бұзылмайды.
Сонымен, сөз тіркесі дегеніміз не болды?
Сөз тіркесі дегеніміз - мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің синтаксистік (еркін) тіркесі. Синтаксистік сөз тіркесі немесе еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалады.
Синтаксистік сөз тіркесіне ұқсас күрделі сөздер, басқа да тіркестер, мәселен, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесі, фразеологиялық тіркестер бүрыннан жасалған, даяр тұрған лексикалық бірліктер ретінде қарастырылады да, олар сөз тіркесінің кұрамына емін-еркін ене алады. Толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркестері, күрделі сөздер, фразеологиялық бірліктер бір нәрсенің тұрақты атаулары. Олар номинативті қызмет атқарады. Мысалға кәрі жілік, халык, депутаты, Крзақстан Республикасы дегендерді алалық. Бұлар - кұрделі сөздер. Олардың алдыңғы сыңарлары (кәрі, халық, қазақстан) соңғы сыңарларының сапасын да, касиетін де білдірмейді. Бұл сөздер өздерінің мағыналық дербестігінен айырыльш, кейінгі сыңарларымен бірге, бір бүтін сөз ретінде ұғынылады. Ал синтаксистік сөз тіркесінің кұрамыңдағы бағыныңқы сыңарлар өздерінің мағыналық дербестігін сақтап, өзінен кейінгі сөздерді (басыңқы сыңарларды) анықтайды, толықтайды немесе пысықтайды.
Дәл осы сияқты, еркін сөз тіркесінің толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркестерінен де, фразеологиялық бірліктерден де айырмашылығы бар. Айталық, көлге дейін (бару), тауға қарай (жүру) дегендерді алсақ, бұлар толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалып тұр. Оларда басқа бір сөздің (жақша ішіндегі сөздің) жетпей тұрғандығы, мағыналық жақтан аяқталмағандығы, тиянақты емес екендігі аңғарылады. Егер оларға бару, жүру деген толық мағыналы сөздерді қоссақ, сонда ғана олардан семантикалық тиянақтылығы бар сөз тіркестері жасалынады. Ал бұл сияқты тиянақтылық синтаксистік сөз тіркестерінің өз табиғатында бар.
Фразеологиялық сөз тіркестері де дәл осындай. Олар да бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған бірліктер ретінде еркін сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына ене алады. Өйткені фразеологиялық бірліктердің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы мағынаны емес, барлығы жиналып келіп, бір бүтін мағынаны білдіреді. Осыған орай белгілі бір фразеологиялық бірлік сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қызмет атқарады. Мыс: қас пен көздің арасында келу, ат үсті айта салу. Ал синтаксистік сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы сөйлемнің әр басқа мүшесі болады. Мысалы: ерте тұру, тісін жұлғызу т.б.
Сөйтіп сөз тіркесі — кемінде екі не одан да көп дербес сөздің бағыныңқы - басыңқы байланыстың негізінде жасалған синтаксистік бірлік екен. Синтаксистік сөз тіркесінің күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де сырттай ұқсастығы болғанымен, олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар.
Енді синтаксистік сөз тіркестерінің түрлеріне келелік. Құрамына қарай сөз тіркестері: 1) жалаң сөз тіркесі, 2) күрделі сөз тіркесі және 3) аралас сөз тіркесі - болып үшке бөлінеді. Бұлай бөлуде сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстардың (айталық, қабысу, матасу т.б.) негізінде жасалғандығы ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет