«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу


МАЗМҰНДАМАҒА БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕР



бет7/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

МАЗМҰНДАМАҒА БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕР
2-СЫНЫП. Әдебиеттік оқу

1 мазмұндама


Қолқанат

Айдос жаз бойы бақшада жұмыс істеді.Жүйектерді суғарды.Арам шөптерді отады.Қолынан күрек,кетпені түспеді.


Бақшадағы қарбыздар қампиып өсті. Қызанақтар нарттай қызарды.
Айдос достарына қарбыз сойып берді. Достары Айдостың еңбегіне риза болды. Осылайша Айдос қолқанат бала атанды.


Сұрақтар:

  1. Жаз бойы Айдос не істеді?

  2. Бақшадағы көкөністер қалай өсті?

  3. Айдосты неліктен қолқанат бала деп атады?

Жоспары:
1.Айдостың еңбегі
2.Бақша өнімдері
3.Достарының ризашылығы



Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген



Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген



Мәтін
мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп



Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс



Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар



Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста
1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған
(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ
1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар



Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету

2 мазмұндама


Ақ аю

Солтүстік Мұзды мұхитында қыс өте ұзақ және суық болады. Жылдың екі-үш айында ғана аздап күн жылынады. Ол жерде ақ аю көп болады.


Ақ аюлар балық жейді. Олар сеңнің ішінде қозғалмай жатқанда, мұз сияқты болып көрінеді. Балықтар оны мұз екен деп қалады. Балықтар қасына жақындағанда, шап беріп ұстап алады.
Сұрақтар:

  1. Солтүстік Мұзды мұхит туралы не білесің?

  2. Ақ аю немен қоректенеді?

  3. Ақ аю балықты қалай ұстайды?

Жоспары:

  1. Ақ аюдың мекені

  2. Балық ұстау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет