«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу


МАЗМҰНДАМАҒА БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕР



бет21/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

МАЗМҰНДАМАҒА БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕР
4-СЫНЫП. Әдебиеттік оқу

1 мазмұндама


Құтқару
Шілденің шыжыған күні еді. Ауылдың бір топ балалары таяу жатқан Түрген өзеніне қарай улап-шулап жүгіріп келеді. Көйлектерін жолай шешіп, бұлғап-бұлғап қиқулайды. Тау өзенінің суы тастай, оның үстіне жоғарыдан құлап аққан судың екпіні атанды жығардай алапат.Тым асау.
Өзді-өзінің шуылымен қаперсіз келіп жөңкілген суға әлжуаз Әлжан ә дегенде-ақ бір батып, бір шығып, қойтастарға қолы ілікпей, әбігерге түсті.
Мұны аңғарған ересектеу Ернар дереу жағаға жүзіп шығып, көпірге қарай құйындай жөнелді. Ойы – осы маңнан тосып, құтқарып қалу.Ернардың артынан Жаппар,Жұмағұлдар бір-бірінен қалыспай ентіккен қалыпта көпірге қаз-қатар тұра қалысты.
Әр жердегі қойтастарға бір соғылып, есінен айырылған Әлжанды үшеулеп жағаға шығарды.
Т.Сарыбайұлы
Жоспар:

  1. Балалардың суға асығуы

  2. Әлжанның суға кетуі

  3. Үш баланың ерлігі



Тапсырма: Әңгіменің соңына судан сақ болуға байланысты қауіпсіздік ережесін құрастырып жазу.

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген



Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген



Мәтін
мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп



Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс



Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар



Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста
1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған
(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ
1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар



Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету

2 мазмұндама


Көмек
Қарлығаштар жылы жақтан қайтып келіп,ауылда ұя сала бастайды.Ал ақ тамақ қарлығаш мойны салбырап, жүні үрпиіп, үй іргесінде құнысып отыр екен.

  • Сен неге бүйтіп отырсың?- деп сұрайды бір көршісі.

  • Алыстан ұшып келе жатқан жолымда,бұршақ жауған күні суық тисе керек, бойым дел-сал, сүйегім сырқырайды, - деп, ақ тамақ қарлығаш көзіне жас алады.

  • Сен мұңайма, біз барда панасыз, ұясыз қалмассың...

Әлгі көршісі шиқылдап, дыбыс беріп, айналадағы қарлығаштарды жинап алады да, ақ тамақтың ауырып қалғанын айтады. Бәрі қауымдасып, бір жаққа ұшып кетеді.
Ақ тамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн-жұрқа, бірі сазбалшық, енді біреулері жіптей жіңішке шөпшек әкеледі. Нақ біреу бұйрық бергендей, бәрі тізіле шұбап, дамыл таппай, қайта-қайта қатынайды. Ә дегенше ақ тамақтың ұясы әзір болады.

  • Сіз ұяға жатып қалсаңыз, тағы суық тиер, - деп, бір-екеуі түлеп түскен мамықтарын әкеп төсейді. Достарының көмегіне риза болған ақ тамақ:

  • «Көп түкірсе – көл» деген осы екен ғой, - деп, жылы оранып,ұясына жата кетеді.

М.Әлімбаев


Жоспар:

  1. Үрпиген қарлығаш

  2. Көршілердің қамқор сөзі

  3. Көршілердің көмегі

  4. Ақ тамақ қарлығаштың ризашылығы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет