МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ |
11
түсінуге көмектеседі. Бұл тақырыптық бөлім өлшеулерді, координаттық жазықтықты,
сызықтарды және бұрыштарды түсінуге арналған. Ол сондай-ақ кеңістіктегі беттің
ауданы мен геометриялық фигуралардың көлемін есептеуді қамтиды. «Геометриялық
фигуралар мен өлшемдер» мазмұнды саласы екі тақырыптық бөлімнен тұрады:
•
Нүктелер, сызықтар және бұрыштар;
•
Екі өлшемді және үш өлшемді фигуралар.
Төртінші сыныпта оқушылар сызықтардың, бұрыштардың және әртүрлі геометриялық
фигуралардың қасиеттері мен сипаттамаларын, оның ішінде екі өлшемді және үш
өлшемді фигураларды анықтай білуі тиіс. Кеңістіктік сезім
геометрияны зерттеудегі
ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылар әртүрлі геометриялық фигураларды
сипаттай алуы және сурет сала алулары керек. Олар сондай-ақ геометриялық
қатынастарды талдай білуі және есептерді шешу үшін осы қатынастарды пайдалана
білуі тиіс.
Оқушылар ұзындығы, бұрышы, ауданы және көлемі сияқты физикалық
сипаттамаларды өлшеуге арналған құралдарды пайдалана білуі тиіс, сондай-ақ шаршы
және тікбұрыштардың аудандары мен периметрлерін есептеуге арналған қарапайым
формулаларды пайдалана білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: