Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын аймағының қойнаулары



бет4/10
Дата06.09.2022
өлшемі31.83 Kb.
#460288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Анатомия Респираторный шпор

Көмей, larynx
Құрылымы күрделі болып келетін тыныс алу мүшесі. Көмей тыныс алумен қатар дауыс шығаруға қатысады.
Голотопиясы:
Мойынның алдыңғы бетінде орналасқан
Скелетопиясы:
4-6 мойын омыртқасы деңгейінде орналасқан.
Синтопиясы:
Көмекей жоғарғы бөлігінде тіласты сүйекпен, төменінде кеңірдекпен байланысқан. Алдыңғы беті тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен(m.sternohyoidei, m.thyrohoyoidei, m.omohyoidei) және қалқанша безбен, артқы беті жұтқыншақтың шеміршектік бөлігімен байланысса, бүйір жақтары ұйқы артериясымен (мойынның ірі артериясы) және кезбе нервпен (n.vagus) шектелген.
Көмекей ҚҰРЫЛЫСЫ:
Көмекей шеміршектері 3 тақ, 3 жұп шеміршектерден құралған. Осыған байланысты қызметтері де әр түрлі.
Шеміршектері:
1) Қалқанша шеміршек, cartilago thyroideia, қалқан сияқты басқа шеміршектерді қоршап жатады. Төртбұрышты, жалпақ, жұп табақшалары көмей шодырын құрайды. Төменгі және жоғарғы тіліктері, incisura thyroidea inferior et superior, бар. 2 беті facies internus et externus. Жоғарғы, төменгі мүйізі, cornu superior et inferior, болады. Төменгі мүйізі жүзіктәрізді шеміпшекпен, cartilago cricoidea, буын арқылы байланысқан.
2) Жүзік тәрізді шеміршек, cartilago cricoidea.
Пішіні жүзікке ұқсас. Алдыңғы беті доғадан, arcus cartilaginis cricoidea. Артқы беті төртбұрышты табақшадан, lamina cartilaginis cricoidea, тұрады.
3) Ожау тәрізді шеміршек,Cartilago arytenidea
Пішіні ожау тәрізді.
Жоғарғы медиальді ұшы-apex cartilaginis arytenidea
Төменде негізі-basis cartilaginis arytenidea
Негізінің алдында дауыс өсіндісі-proccessus vocalis
Бүйірінде бұлшық еттік өсіндісі-proccessus muscularis орналасқан
4) Көмей қақпашығыepiglottis
Ең үлкен дара шеміршек осы топтағы. Алдыңғы бөлігі тілмен, артқы бөлігі көмекей қуысына, қалқанша шеміршегі тілігіне жақындап, бекіген көмей қақпашығы сабақшасы, petiolus epiglottis, бар
5) Мүйіз тәрізді шеміршек ,Cartilago corniculata
Сыртқы пішіні мүйіз сияқты.
Ожау тәрізді шеміршектің, Cartilago arytenidea, ұшында орналасқан. 2 жұп эластикалық шеміршегі бар. Мүйіз тәрізді төмпешікті құрайды.
6) Сына тәрізді шеміршек, Cartilago cuneiformis
Ожау-көмей қатпары қабатында орналасқан. Сына тәрізді төмпешікті құрауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет