Бронхтар топографиясы
• Оң жақ басты бронхтың: жоғарғы шекарасы - сыңар тамыр, артқысы - оң жақтағы кезбе жүйке.
• Сол жақ басты бронхтың жоғарғы шекарасы - қолқа, яғни қолқа доғасы, артқысы - төмендемелі қолқа мен өңеш.
Бронх ағашының құрылысы
Бронхтық ағаш – тыныс алу жүйесінде ауаны тасымалдау қызметін атқарады.
Альвеолярлы ағаш/ацинус – тыныс алу жүйесінде газ алмасу қызметін атқататын өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі.
Басты бронхтар, bronchi principalіs – 1-ші реттік бронхтар. Өкпе қақпасынан кірген соң оң өкпеде 3, ал сол өкпеде 2-ге бөлінеді.
Бөлінген бронхтар – үлестік бронхтар, bronchi lobares: 2-ші реттік бронхтар.
Әрбір өкпеде 10 сегмент бар. Сондықтан үлестік бронхтар әрі қарай сегменттік бронхтарға, bronchi segmentales бөлінеді: 3-ші реттік бронхтар.
Сосын әр сегменттік бронх дихотомдық жолмен (яғни әрқайсысы 2-ге) бөлінеді де, олар субсегментарлы бронхтар, bronchi subsegmentales 4-ші реттк бронх деп аталады.
9-шы бронх үлесшелік бронх, bronchi lobulares деп аталады. Ол 12-17 соңғы бронхиолаға, bronchiola terminales бөлінеді. Кейін олар 2-ге бөлініп тыныс алу бронхиоласын/респираторлық, bronchiola respiratoria құрайды. Ол да 2-ге бөлініп, альвеолярлы жолдарды, ductuli alveolares құрайды. Альвеолярлы жолдар альвеолярлы қапшықтардан, sacculi alveolares аяқталады.
Тыныс алу бронхиоласы, альвеолярлы жолдар, альвеолярлы қапшықтар 3-еуі бірігіп альвеолярлы ағашты/ацинусты құрайды.
Өкпе, pulmo.
Тыныс алу жүйесінің негізгі ағзасы.
Голотопиясы: Өкпеқаптың ішінде орналасқан.
Синтопиясы: Қабырғалық беті,fasies costalis ; Көкеттік беті ,fasies diaphragmatica; Көкірекаралық беті, fasies mediastenalis.
Склеотопиясы: өкпе ұшы алдынан қарағанда 1 ші қабырғадан 3-4 см жоғары, артқы жағынан 7 ші мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне сайкес келеді.
Оң жақ өкпенің төменгі жиегі - 6 шы қабырғаның шеміршектік бөлігінен басталып, 11 ші қаыбрғаның тұсында оң өкпенің артқы жиегіне жалғасады.
Оң жақ өкпенің алдыңғы жиегі- 6 шы қабырғаның шемршегі тқсында, 10 өкпенің тұсында жалғасады.
Сол жақ өкпенің төменгі жиегі – 1-1,5 см оң жақ өкпеден төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |