Перитонит.
Перитонит (Peritonitis) – ішперденің шектелген немесе жайылып болатын қабынуы.
Этиологиясы. Әдетте перитонит травматикалық ретикулитте, асқазан мен ішек, жатыр жыртылулары кезінде, месқарынды дҧрыс теспеуден, дәрілік заттарды қҧрсақ іші енгізулері, руминотомия ӛткізуі кезінде асептика мен антисептика ережелерінің бҧзылуы, қҧрсақ пердесі жарақаттары кезінде ішпердеге микрофлора енуінен дамиды. Перитонит микрофлораның қҧрсақ ішіне бауырда, өкпеде және өзге органдарда орналасқан (абсцесстер) қабыну ошағынан енуі салдарынан дамуы ықтимал. Қҧрсаққа тҥрлі қан, несеп, ӛт, панреатикалық сӛл, дәрілік ерітінділердің концентрацияланған ерітінділері тәрізді бейинфекциялық агенттердің тҥсуі салдарынан асептикалық қабыну байқалуы мҥмкін, олар сірі қабатқа агрессивтік әсер етеді.
Симптомдары. Жайылған іріңді перитонит ауыр өтеді, перитониттің ӛзіне тән белгілері – тәбеттің тӛмендеуі немесе мҥлдем жоғалуы; ауырсыну, қҧрсақ қабырғасының тырысуы мен тартылуы; дене температурасының жоғарылауы; кҥрт кҥйзеліс, тахикардия; асқазан мен ішек перистальтикасының баяулауы немесе тоқтауы. Қозғалулары шектелінеді, шайқалақтаған жҥріс, аяқтарын қарнына қарай тартып тҧру, ұзақ уақыт жата беру. Қан талдаулары бойынша лейкограмманың солға ығысуы тҥріндегі айқын лейкоцитоз, ЭШЖ мен гематокрит кӛрсеткіштерінің жоғарылауы, диспротеинемияны анықтап жатады. Асқазан мен ішек жыртылуы салдарынан орын алатын жайылыңқы перитоните жануардың кҥйі аса ауыр болады: кҥштерінің кҥрт тӛмендеуі, тахикардия, коллапс. Диагнозы. Ӛзіне тән клиникалық белгілер мен қанды зерттеу нәтижелері бойынша қойылады. Сұйықтық сипатын анықтау ҥшін қҧрсақ қуысын пункциялайды (перитонит кезінде экссудат, қҧрсақ шемені кезінде транссудат): экссудатта 5% астамы ақуыз, қан жағындыларында іріңді денелер, микробтар, лейкоциттер болуы; транссудатта ақуыз мӛлшері 2% аспайды.
Ағымы. Аурудың ұзақтығы 2 тәуліктен 2…3 аптаға тіпті одан кӛп мерзімге дейін.
Болжам - күдікті. Шектелген перитонит созылмалы ағымда ӛтеді.
Емі. Бұлшықет немесе құрсақ қуысы арқылы стрептомицин немесе пенициллин (әр 1 кг 10…15 мың ӚБ, тәулігіне 3…4 рет), бициллин (1 кг 15…25 мың ӚБ), сонымен қатар, ампициллин, эритромицин, олеандомицин т.б. енгізіледі. Ем басында антимикробтық дәрілерді организмде қажетті концентрациясын қалыптастыру ҥшін ҥлкен мӛлшерлемеде енгізеді, сосын азайтады. Патогенетикалық терапия ретінде С, А, Е витаминдері, кальций хлориді, глюкоза, кофеин, карловар тҧзы т.б. дәрі-дәрмектер қолданылады. Қҧрсақ нервтері мен шекаралық симпатикалық бағандарды плевра ҥстілік новокаин блокадасы қарекеті ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |