Дербестеу.Созылмалы бронхиттен, перибронхиттен, плеврит- тен, өкпенің эмфиземасынан ажыратады.
Емі. Ем кешенінің ішінен негізгі көңілді, организмнің арнайы емес жалпы қарсылық күшін көтеруге бөледі: малдарды сапалы азықтармен азықтандыруын, соның ішінде нәруыз (белок), микроэлементтер, витаминдер (дәрумендер), углеводтар (көмір- сулар) қажеттілігін реттеуді қамтамасыз етеді. Ауруларға гамма- глобулинді не полиглобулинді, тимоген, тимамин, АСД-2, белокты гидролизаттар енгізу, витаминдер және микроэлементтер қосылған, кальций-фосформен байытылған қосымша жем, күрделі қоспалар беру ұсынылады. Аутогемотерапия, спиртпен емдеу, кеудені ысқылау қолданады. Дәрілермен емдеуді бронх қуыстарын тазартуға, микроб- тардың өсіп-өнуін басуға және жүрек-қантамыр жүйесі қызметтерін жақсартуға бағыттайды. Ол үшін аузынан қақырық түсіретін және жиналған экссудат тарататын дәрілерді - мүсәтір (аммоний хлоридін), терпингидрат, калий немесе натрий йодидын береді. Ментол араласқан су буымен тыныс алдыруды ұйымдастырады.
Микотикалық пневмония.
Микотикалық пневмония-бронхтар мен альвеолалардың зең саңырауқұлақтарымен зақымдалуына байланысты пайда болады. Бұл барлық түрдегі жануарларда және әртүрлі жастағы топтарда болады.
Этиологиясы. Зең саңырауқұлақтары тыныс алу жолдарында үнемі кездеседі, олар деммен жұтылған ауамен енеді. Алайда, олар ауа жолдарында тіршілік әрекетіне қатысты қолайлы жағдайлар туындаған жағдайда ғана патологиялық процестерді тудырады. Қолайлы жағдайларға, ең алдымен, тыныс алу жүйесінің патологиялық жағдайларында, атап айтқанда бронхтардың катаральды қабынуы, бронхоэктаз кезінде секрецияның немесе ыдырау өнімдерінің көп болуы жатады. Тыныс алу кезіндегі патологиялық процестердің қоздырғыштары ретінде әсіресе қауіпті Aspergillus түрінің саңырауқұлақтары, атап айтқанда Aspergillus limigatus және Aspergillus niger. Олар жануарларда тыныс алу аппараттарының ауыр жаппай ауруларын және әсіресе пневмонияны тудырады.
Саңырауқұлақтар жануарлардың тыныс алу жолдарына негізінен зеңмен зақымдалған азықты жеу кезінде немесе зеңмен зақымдалған төсеніштерді пайдаланғанда енеді.
Белгілері. Көп жағдайда ауру созылмалы түрде өтеді және пневмония белгілеріне аз ұқсайды. Сонымен қатар, аурудың алғашқы кезеңінде біртіндеп күшейетін микробронхит, өкпе эмфиземасы және әдетте астматикалық сипаттағы қатты ентігу құбылыстары байқалады. Кейінірек бронхопневмонияға тән белгілер пайда болады
Ауру жануардың жалпы жағдайы нашарлайды, ал ентігу күшейеді,арықтайды. Өкпенің аускультациясы кезінде әр түрлі сырылдар және тыныс алудың жоғарылауы немесе әлсіреуі байқалады. Мұрынның бөлінділерінде әртүрлі саңырауқұлақтардың көп мөлшері микроскопиялық түрде анықталады.