Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Бауыр мен өт жолдарының ауруларындағы синдромдар



бет33/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Бауыр мен өт жолдарының ауруларындағы синдромдар.

Бауыр мен өт жолдарының ауруларындағы синдромдарға сарғаю, холемия, гепатолинеальды синдром, бауыр қызметінің бұзылуы, портальды гипертония, бауыр талмасы (кома), бауыр шаншуы (колика) жатады.


Сарғаю (Icterus) - организмде өт пигменттерінің айналуының бұзылуымен байқалатын, көздің склерасына, теріге, тері асты клетчаткасына, кілегейлі қабықтарға және босаң дәнекер ұлпаға өт пигменттерінің өтуінен, сары түске боялуымен сипатталатын симптомакомплекс.Механикалық, паренхимотозды және гемолитикалық (гемолиздік) сарғаю, түрлері болады.
Механикалық сарғаю белгілі өт қабында, өт жолдарында бір себептердің салдарынан өт іркілгеннен болады, сол себепті өттің 12 елі ішекке өтуі бұзылады.
Паренхиматозды сарғаю-бұл ауру белгісі бауырдың паренхимасының-үлпіршегінің ауруларында дамиды.Мысалы,гепаттите,бауыр дистрофиясында.
Гемолитикалық сарғаю-бұл аурудың белгісі әсіресе қанда эритроциттердің қатты ыдырауынан болады.
Холемия - қанда өттің пайда болуы (өттің қанға өтуі) -екінші ең маңызды белгінің бірі. Ал холемияны бірінші кезекке қою керек бауыр ауруларының синдромының ішінен, себебі сарғаю (желтуха) бұл холемияның салдарынан болады. Холемия дегеніміз- бұл өттің қанда барлық құрамындағы заттарымен (ингридиент) - пигментімен, өт қышқылдарының (холий, таурохолий) холестериннің, лецитиннің, майлардың және минералды заттардың пайда болуын айтамыз.
Гепатолинеальды синдром. Бұл бауыр мен талақ (көк бауыр) синдромы - бауыр мен талақтың бірлескен зақымдануы.
Бауырдың қызметінің бұзылуы. Бауыр қызметі және оның ұлпасы қызметінің бұзылуы бауыр ауруларының бәрінде байқалады, әсіресе олар бауырдың үлпершегінің зақымдануында жақсы білінеді (гепатит, бауыр дистрофиясында, бауыр циррозында). Бауырдың қызметінің бұзылуының алғашқы белгілерінің бірі ол уробилинурия - бауыр уробилинді өңдеуге шамасы келмей қалады.
Портальды гипертония - бұл негізінен бауырдың созылмалы ауруларына тән анатомиялық, физиологиялық және бауыр ішінің қан айналымының өзгеруімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет