Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Емі. Негізгі ауруды емдейді. Бауырдың зат алмасуын қалыпқа келтіретін дәрі-дәрмектер қолданылады. Сақтандыру



бет36/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Емі. Негізгі ауруды емдейді. Бауырдың зат алмасуын қалыпқа келтіретін дәрі-дәрмектер қолданылады.
Сақтандыру. Ағзалар мен ұлпалардағы қабыну ошақтарын мезгілінде жойып отырады.



  1. Бауыр абсцессі.

Бауыр абцесі (Acousticesi hepatis) бауыр іріндігі, бұл бауыр ұлпасында шектелген бірен-саран немесе көптеген қабыну ошақтарымен сипатталады. Бордақылауда тұрған ірі қара малда кездеседі.
Себептері. Абцестердін негізгі себебі бактериялар (Escherihia coli, Proteus, стрепто және стафилококтер). Олар аскаридозда, кейбір протозойлы және басқада ауруларда кездеседі.
Бір жақты жоғары концентратты азықтандыруда, рационда жом, барда, жармалар көп болғанда, сапасыз жеміс-жидек және баска да азыктар бергеннен бауырға бактериялар келіп түседі. Мүмкіндік туғызатын себептерге азық құрамында витаминдер тапшы болғаннан организмнің табиғи төзімділігінің төмендеуінен болады.
Дамуы. Бауырға инфекциялык агент негізінен қақпа венасы арқылы енеді. Малды дұрыс азықтандырмағандықтан мес қарында ацидоз және паракератоз, ұлтабарда ойық-жаралы эрозиялы гастрит ж.т.б. асқазан-ішек ауруларына душар болады. Бактериялык инфекция бауыр ұлпасына іріңді холангитте және холециститте және баскада қабыну ошақтарынан келіп түсуі мүмкін.
Бауыр ұлпасында инфекцияның дамуы ірінді абсцесті туғызады. Ол бауырдың негізгі кызметін бұзады. Көп жағдайларда бауыр абцесінде инфекциялық агентті таба алмайды. Бұл абсецтік процестін дамуы баска этиопатогенездік механизмдерден екенін көрсетеді.
Симптомдары. Ұзақ мезгіл байқалмайды. Алғашқы симптомдары - мал куйзеледі, азыққа тәбеті, қондылығы төмендейді, дене қызуы аздап көтеріледі. Бауырды пальпациялағанда және перкуссиялағанда ауырсынады, мес қарынның жиырылуы сирек (3-5 минутта 1-2 рет), күші әлсіз.
Каннын нейтрофильді формуласы солға ығысады, нейтрофильді лейкоцитоз, диспротеинемия, белокты тұнба сынамасына жиі он реакция береді.
Балау. Малдың тірі кезінде диагноз қою қиын. Алғашқы негізгі ауруды тудыратын себептерін жояды. Азықтандыру мен малдын күтіп-ұстауына талдау жүргізеді. Гепатит пен гепатоз ж.т.б. бауыр ауруларын жоққа шығарады.
Емі. Себептерін жояды, азықтандыруды жақсартады, рационға сапалы шөп, пішендеме, көк шөп, концентраттар, тамыр-түйнектілер. Рационда клетчатканы, кант пен протеин катынасын калыптастырады. Емдік заттардан кең ауқымды антибиотиктер, витаминдер колданады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет