Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет49/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Нефросклероз

Нефросклероз (Nephrosclerosis) - созылмалы интерстициальды бүйректердің қабынуы, бүйректердің циррозы (беріштенуі). Нефросклероз созылмалы нефрит немесе нефроздың соңғы сатысы бүйректердің айқынырақ қызметінің әлсіздігімен сипатталады. Барлық малдың түрлерінде кездеседі. Өте жиі ірі қара мал, ет көректілер мен шошқалар ауырады.
Себептері. Нефросклероз бүйректердегі созылмалы болмаса дистрофиялық процестердің нәтижесінен туындайды. Кейде жіті өтетін инфекциялық аурулардан (лептоспироз, шошқа тілмесі) пайда болған нефритті дер кезінде анықтамағандықтан туындайды, ауру терминальді кезеңінде нефросклероз түрінде диагностикаланады. Сол сияқты, көгерген, құрамында нитраттар, пестицидтер көп азықтармен азықтандырғаннан, экземадан, созылмалы іш бітелуден, негізгі ауруды емдегеннен пайда болатын нефрозды, мал дәрігері нефросклерозға шалдыққан кезде ғана біледі.
Симптомдары. Тұрақты ауруға тән белгілері, ол үдемелі полиурия. Тәулігіне бөлінетін зәр 2-3 есе қалыптан көп. Бүйректердің консистенциясы қатты, ауырсынбайды, кейде оның кедір- бұдырлығын байқаймыз. Несеп мөлдір, тығыздығы төмен - 1,001- 1,010. Несеп тұнбасында бірен-саран бүйрек эпителиі (лейкоцит, кейде гиалинді, түйіршікті цилиндрлер көрінеді. Альбуминурия 0,2 % жоғары емес, ол тұрақты байқалмайды. Нефросклерозда үнемі жүрек-қантамырлар әлсіздігінің симптомдар кешені дамиды. Тамыр соғуы жиі, қатты. Артерия қан қысымы жоғары. Жүректің бәсең дыбысты шекарасы ұлғайған. Жүрек түрткісі күшейген, жайылып кеткен. Аускультацияда қолқа тамырыныың екінші сазы күшейген, ал бірінші сазы көмескі. Ауру мал әлсіз, жүдеу, өнімі, жұмысқа қабілеті, азыққа тәбеті төмендейді, шөліркеуі күшейеді. Үдемелі бүйрек қызметінің бұзылуы салдарынан организмнен су мен азоттық шлактарды сыртқа шығару қабілетінен айрылады. Полиурия олигуриямен ауысады. Уремия, диспепсиялық жағдай (іш өту, ит пен шошқада мезгіл - мезгіл құсу) болады. Соңынан геморрагиялық гастроэнтерит түрінде өтеді. Ет қоректілерде қояншық (эпилепсия) тәрізді жағдай, жиі қышынады және экзема болады. Соңынан ауру уремиялық талмаға және малдың өлімге ұшырауына ұласады. Ал кейбір жағдайларда үдемелі жүрек әлсіздігінен вена қан тамырында қан іркіледі, тері асты клечаткасында, көмейде, өкпеде ісінулер болады. Мұндай жағдайларда алдын-ала уремия дамымай-ақ мал кенеттен миына қан құйылудан, жүрек пен өкпелердің ісінуінен өледі. Балау қою үшін анемнездік мәліметтерге (нефрит пен нефрозбен ауырғанда) және ауруға тән симптомдарға: гипертония, жүректің гипертрофиясына, несептің тығыздығы төмен полиурияға, аздаған несеп тұнбасына альбуминурияға сүйенеді.
Емі. Емі бүйректердің қызметін қалыпта ұстауға жүрек- қантамыр жүйесінің жағдайын жақсартуға бағытталған, уремияны, ацидозды, асқазан-ішек жолдарының бұзылуларын болдырмауға негізделген. Кейбір жағдайларда бүйректердің қызметін паранефральді новокаин блокадасымен қалыпта ұстауға болады. Ісіну пайда болғанда диурезді күшейтетін зәр айдайтын дәрілер (теофиллин, темисал) береді. Ацидоз бен токсикозды венаға глюкоза(ірі малға 40 % және натрий гидрокарбонатын 500 мл ерітінді күніне, 3-7 күн қатарынан егіп жояды. Асқазан-ішек жолдарының бұзылуларында іш жүргізетін және антисептикалық заттар береді. Малға диетикалық азықтар береді, құрамында үглеводтар көп азықтар береді, белогы көп азықтарды алып тастайды. Ауру малды жылы жерде, жақсы желдетілетін қораларда ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет