Қуықтың парезі мен салдануы.
Қуықтың салдануы мен парезі (Paralysis et paresis vesica urinatia) — қуықтың бҧлшықетті қабырғасының қайтымды немесе қайтымсыз тҥрде жиырылу қабылетінен айырылуы.
Этиологиясы. Қуықтың салдануы мен парезінің себебі ретінде көбіне ОНЖ зақымдалуын айтуға болады (энцефалит, менингит, энцефаломиелит). Салдану, түйнелулерден (несеп бӛлінуінің тежелуі), миоглобинуриядан, перитониттен, уретраның тастармен бітелуінен, предстата безі ісіктері салдарынан, омыртқа остеохондрозынан болуы ықтимал.
П а т о г е н е зі. ОНЖ зақымдалулары салдарынан несеп шығару белгілерін жояды, қуық сфинктерінің тонусы тӛмендейді, қуық несепке толады. Қуықтың рефлекторлық орталықтары орналасатын жұлын зақымдалуында салдану туындалып, кейіннен қуық қабырғасының атониясы білінеді, бұл қуықтың толығымен босауына мҥмкіндік бермейтін болады. Кейіннен қуық мойыны сфинктерінің созылуынан несеп ұсталмауы синдромы байқалады.
Симптомдары. Жануар қатты мазасызданады, несеп бөлетін кейіп жиі байқалады, дегенмен несеп бөлінбейді немесе тамшылап қана бөлінетін болады. Пальпациялау арқылы қуықтың толып тҧрғаны анықталады; катетеризация кезінде — әлсіз несеп шашырауы байқалады. Бедеме омыртқалары сегменттерінен сәл жоғары орында немесе мидан жоғары тҧста жҧлын зақымдалуында өздігінен несеп бөлінулері байқалады.
Д и а г н о зы. Анамнездік мәліметтер, өзіне тән симптоматика диагноз қою ҥшін негіздеме болып табылады. Уретраның тастармен бітелуінен айыра білу керек. Ағымы мен болжамы. Қуықтың салдануы мен парезін тудыратын себептерге байланысты. Аурудың 2...3 тәуліктен соң сауығуы ықтимал. ОНЖ тұрақты зақымдалуы кездерінде болжам күмәнді.
Е м і . Қуықты белгіленген тәртіпте катетер көмегімен немесе қуықты массаждау арқылы босатып отыру керек (кҥніне 2...3 рет). Тері астына арасына 4....5 тәулік ҥзіліс салып стрихнин ерітіндісін егеді (жылқыларға 0,03...0,05 г). Гальванизация, УЖЖ тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |