Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ұлпалар мен мүшелерде қанталаулар, гематома, анемия белгілері болады.
Балау. Қан ағудың тоқтамауы, еркек малдың бұрынғы тұқымдарында қан ұюының тежелуі болған аурулардың кездесуі- не сүйеніліп койылады.
Дербестеу. Гемофилия ауруында тамыр сынбайды, оны К, С. В гиповитаминоздарынан, тромбоцитопения, апластикалық анемия, аллергия жағдайларынан ажырату қажет. Диагноз кою үшін негізінен қанның биохимиялық, морфологиялык нәтиже- леріне, аллергиялық сынаққа сүйеніліп қойылады.
Емі. Гемофилияны емдеудің ең бастысы жаңа алынған қан не лиофилденген плазманы құю. Плазманы көп сактаса антиге- мофильдік глобулин бұзылады. Қанды тоқтату үшін тромбин мен фибрин түйіршігін, сүтегінің асқын тотығын, темір препаратта- рын т.б. пайдаланады. Тамырдың өткізгіштік қасиетін төмендету үшін кальций хлориді, кальций глюконаты, аскарбин қышқылы, К витамині және қанның орнын толтыру үшін хлорлы натридің 5-10% глюкозанын 20-40% ертінділерін және басқа да қанды алмастыратындарды пайдаланады. Қан көп кеткен жағдайда постгеморрагиялык анемияда қолданылатын емдер істеледі.
Сақтандыру шаралары. Тұқымында гемофилия мен ауы- ратын еркек жануарлар бракка шығарылады. Ауру малдан туған телдер әрі карай шаруашылыққа пайдаланылмайды.
Әр түрлі анемияның алдын-алу ерекшеліктері
Гипопластикалық және апластикалық анемия кезінде алдын-алу ерекшеліктері. Малды жан-жақты толықтырылған рационмен қамтамасыз етіп, радиоактивті сәуледен улану, індет инвазия ауруларын сақтау шаралары жасалынады. Топырақта қан түзуге қажет микроэлементтер болмаса, рацион құрамына темір, мыс кобальті бар примекстер қосылады.
Гемолитикалық анемия кезінде алдын-алу ерекшеліктері. Организмге азықпен бірге гемолиз- дік улар, алкалоид, сапониндер түспеуін, жылан шаққаннан удың аллогенді қанмен бірнеше рет егілмеуін қамтамасыз ету қажет. Мал рационында протеин, фосфор т.б. жеткілікті болып қант қы- зылшасын, қырыққабат, рапсты көп бермеу керек. Бұзауларға көп суық су ішкізбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |