Сақтандыру шаралары. Малды жан-жақты толықтырылған рационмен қамтамасыз етіп, радиоактивті сәуледен улану, індет инвазия ауруларын сақтау шаралары жасалынады. Топырақта қан түзуге қажет микроэлементтер болмаса, рацион құрамына темір, мыс кобальті бар примекстер қосылады.
Постгеморрагиялық анемия.
Постгеморрагиялық анемия (Anaemia posthaemorraqica) - қансыраудан, эритроцит пен гемоглобиннің азаюынан пайда болатын ауру. Мұндай ауру мал түрлерінің бәрінде болады. Әсіресе шошқа (каннибализм) мен терісі бағалы анда (өздерін өзі шай- нағанда) шаруашылықтарында жиі кездеседі. Ол жіті және созылмалы түрде етеді.
Себептері: Ірі қантамырлары, әсіресе артериялар зақымда- лып, ішке және сыртқа қан ағудың себебінен жедел постгеморра- гиялык анемия пайда болады. Қан ағу себебіне әртүрлі жарақатта- ну, хирургиялык ота, қарын мен ішектегі жаранын тесілуі, іштің кебуі кезінде, қарын мен ұлтабар алды қарындардың жарылуы, туу кезінде жатыр мен қынаптың жарылуы т.б. патологиялық жағдайлар жатады. Ондай жағдай иммундық сарысу дайындау үшін малдан кеп кан алынғанда, үдемелі геморрагиялық диатез кезінде байкалады.
Симптомдары аққан қан көлемі мен оның уақытына бай- ланысты. Барлық қанның үштен бірі тез ақса, ол тіршілік үшін өте қауыпті. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы болғанымен на- шар әрең байқалады. Кілегейлі қабаттары боп-боз болып ағарып сүттің түсі сияқты болады. Дененің қызуы төмендеп, салкын тер шығады. Тыныс алуы жиілейді. Ауру мал тез шаршап, жүргенде теңселіп, жиі-жиі есінейді, қалғып-мүлгіп тұрады. Осы өзгері- стермен қатар, ішек-қарын қимылы нашарлап, зәр шығару сирейді.
Созылмалы постгеморрагиялық анемияда қан сұық, ұйыма борпылдақ. Бауырда, бүйректерде және миокардта майлы дистрофия.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті постгеморрагиялык анемияда барлық мүшелер мен ұлпалар бозғылт түсті,қантамырлары қанға толымсыз, ұйыған қан борпылдак, сүйек кемігі гиперплазияланған, сары май орнын кызыл май баскан, ірі
қантамырлары тірі кезінде зақымдалған.
Балау. Ауруды анықтау үшін ең алдымен не себептен және қай жерден қан аққанын анықтау қажет. Егер қан сыртқа ақса онда оны анықтау қиын емес, ал ішке қан аққан болса, онда анамнезін деректері мен клиникалық симптомдардан басқа гемотологиялык зерттеулер нәтижелері (эритроциттер саны мен гемоглобин мел- шерін ЭШЖ-ның күрт азайғанын, жоғарылағанын аныктайды), нәжісте, несепте, ішкі куыстардан (пунктатта) алынған сұйыкт- тыктарда қанның бар-жоқ екенін анықтау керек.
Болжамы. Тез арада қанның 50% бөлігі ағып кетсе есінен тану болады, ал қанның жартысынан көбін жоғалтса, онда мал елімге душар болады. Аздап қанның көп мөлшері ағып кетседе дер кезінде емдесе мал айығады.
Емі. Постгеморрагиялық анемияда ең алдымен аққан қан- ды тоқтатып, оның орнын толтыру шараларын жүргізеді. Анеми- Янын созылмалы түрінде қан тоқтатумен қатар қан түзу жүйесі жұмысын жақсартады. Сыртқа аққан қанды кәдімгі хирургиялық әдіспен тоқтатады, ал ішке қан ағу геморрагиялық диатездерде көк тамырға хлорлы кальцийдің 10%-ды ерітіндісін, не кальций глюконатын, желатиннің 10%-ды, аскорбин қышқылының 5 %-ды ерітінділерін егеді. Белгілі аумақтан қанның ағуын азайту, не тоқтату үшін көбінесе адреналинді пайдаланады.
Аққан қанның орнын толтыру үшін сол топтың қанын құя- ды, ал плазма мен қан сарысуын ірі малға 1-3 л, ұсақ малға 200- 500 мл тобына қарамай-ақ құюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |