Патогенезі. Қан айналымның кіші шеңберіне қан іркіліп, өкпе гипертензиясының дамуы.
Клиникалық көрінісі. Жедел өкпетекті жүрек - өкпе артериясяның тромбоэмболиясында болады. Бірден қатты тұншықтыратын ентікпе үстап, төстің арты аурады, аурсыну мойынға-қолдарға таралады, науқас қатты қиналады, өлім ұрейі билейді, санаулы минуттын ішінде, әрі кеткенде жарты сағатта өлімге алып келеді. Егер науқас тірі қалса, онда жайылма цианоз кушееді, мойын веналары ісінеді, жүрек түсі мен эпигастрий аймағында көзге көрінетін пульсация пайда болады, минутына 100-160 дейін тахикардия, өкпе артериясында екінші тонның акценті, АҚ коллапс денгейіне төмендейді, бауыр өте тез үлғаяды - оң жақ қабырға асты аурады.
Жеделдеу өкпетекті жүрек. Даму уақыты үзақтау – негізгі сырқаттың ауыр белгілері болады: көлемді пневмония, плеврит, қан қақыру.
Созылмалы өкпетекті жүрек. Компенсация және декомпенсация сатыларын айырамыз. Компенсация сатысының ұзақтығы - 10-20 жыл, декомпенсация қысқа шамамен 5 жылға созылады. Клиникасының басты белгілері ентікпе мен цианоз, басында бұл симптомдар тек күш түскенде, кейін тыныш күйдеде болады. Акроцианоз, мойын веналарының аса толуы «веналар ойнау» симптомы, бауырдын ұлғаюы, аяқтардын ісінуі, асцит, өкпе артериясында 2 тонның акценті.
Диагностикасы. Қан анализінде екіншілік эритроцитоз анықталады - эритроциттер, тромбоциттер санының көбеюі, гемоглобиннің жоғарлауы, ЭТЖ төмендеуі.
Емі.
Өкпе гипертензиясына алып келген негізгі ауруды емдеу.
Оттегімен емдеу.
Шеттік вазодилятаторларды қолдану: нифедипин, нитросорбит.
Антикоагулянттық ем: гепарин .
Диуретиктермен емдеу: верошпирон, гипотиазид, фуросемид қолданылады. Тәуліктік диурезді 2 литрден асырмаймыз. Сүйықтық пен ас түзын шектейміз.
Жүрек гликозидтерін қолдану: корглюкон, строфантин, дигоксин, целанид.
Глюкокортикоидтарды қолдану: преднизолон, гидрокортизон.
Екіншілік эритроцитозды емдеу: қан ағызу
Хирургиялық ем: өкпенің жеке трансплантациясын жасау. Операциядан екі жылдан кейін тірі қалғандардың саны 60% артады.
Достарыңызбен бөлісу: |