Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет19/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
Terapia

Өкпе эмфиземасы
Өкпе эмфиземасы- альвеолалар қуысының кенеюімен және альвеолалар мен респирациялық бронхиолалар қабырғаларының деструкциялық бұзылыстарымен сипатталатың патологиялық өзгерістер. Аталған өзгерістер өкпенің тыныс бетін азайтады, ақырында тыныс шамасыздығына әкеледі.
Этиология және патогенезі. Созылмалы бронхитте, бронхтық астмада, ұзақ жөтелде, үрлеу аспаптарын қолданатын музықанттарда кездеседі, шылым шегу- темекінің түтіні альвеолаға деструкциялық әсер етеді. Аса керілуінен альвеолалар бір-біріне қосылып, ауалы қуыстар пайда болады. Диаметрі 1 см. ірі қуыстар булла аталады. «Ауаның қамалу синдромы»- альвеолалардың ішінде қысымның биіктеуі, кірген және шығатын ауаның арақатынасының бұзылысына әкеледі.
Клиникалық қөрінісі. Негізгі белгілер - ентікпе , пысылдап дем алу, дем алуы қысқарып, дем шығару үзарады, демін томпайтқан еріндерінің арасынан үрлеп шығарады. Мүндай адамдар шырақты үрлеп сөндіре алмайды.
Объективті. Эмфизема басталған шақта науқастардың тері жамылғылары қалыпты немесе қызғылт, кейін диффузды цианоз дамиды. Дене бітіміне бір қарағаннан эмфмземаның белгілері көзге түседі - күбі тәрізді кеуде, қысқа мойын, көтерілген иық қабырғалар мен бұғаналардың горизонтальды орналасуы, қабырға аралықтарының кенеюі, эпигастрий бүрышының доғалануы.Перкуссия арқылы өкпе ұштарының биіктеуі, төменгі шектерінің төмендеуі анықталады, тыңдағанда- әлсіз тыныс естіледі.
Рентгенографияда өкпенің айрықша мөлдірленуі анықталады, вертикальды орналасқан жүрек «тамшыға» үқсайды.
Емі. Негізгі ауруды емдейді. Емнің негізгі бағыттары:

  1. Бронхолитиктік ем - теофиллин, теотард.

  2. Антихолинергиялық дәрмекткер - атровент.

  3. Тыныс қимылына диафрагманың қатысуын арттыратын тыныс жаттығулары.

  4. Аса ірі буллалар болғанда- операция.



Қанайналым жүйесінің аурулары.


Ревматизм




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет