Клиникалық көрінісі. Науқас оң жақ қабырға астының , сыздап ауыратынын айтады және жалпы әлсіздік, шамасыздық, тез шаршағыштық, ипохондрия, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, тершендік, ұйқының бұзылуы, артралгиялар, субфебрилитет, иектерінің қанауы, терінің қышуы, несеп түсінің қоңырлануы, нәжістің ағаруы, гепатомегалия, спленомегалия, терінің сарғаюы және диспепсиялық бұзылыстар; тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, кекіру, майлы тағамның жақпауы, асқазан толып және қысып тұру сезім, метеоризм, іштің өтуі.
Тексергенде. Терінің сарғаюымен қатар нәжіс ақшылданады, зәрдің түсі қоңырланады. Билирубин 50 мм/моль жеткен кезде тері мен кілегей жамылғылардың сарғайғандығы көзге еленеді. Пальмарлы эритема, гинекомастия, терінің трофикалық өзгерістері, шаштың сиреуі, тамыр жұлдызшалар, қансырағыштық, теріде қанталау дақтары.
Іштің пальпациясында аздап ауыратын үлкейген бауыр, кейбір науқастарда үлкейген көкбауыр анықталады. Қанда билирубин, ақуыз және оның фракциялары көтеріледі. Аспапты зерттеулерден УДЗ, бауырды радиоизотопты зерттеу, бауырдың пункционды биопсиясы қолданылады.
Емі. Созылмалы гепатитте емді неғұрлым ерте бастау науқастың тағдырын едәуір жақсартады. Гепатиттің барлық түрлерінде жасалатын ем – бауырға зиян келтіретін ықпалдарға жол бермеу.
Диетотерапия.Бауыр ауруларында берілетін №5 диета. Витаминдер жеткілікті болуы тиіс- бұл кезде тәулігіне берілетін майдың мөлшері 100гр (50гр өсімдік, 50 гр мал майы).Белоктың мөлшері тәулігіне 120 гр, көмірсулар500гр шамасында болуы керек.
Дәрмектік ем. Парентеральді детоксикация: глюкоза,гемодез.
Метаболизмді жақсарту: поливитаминдік комплекстер – витамин Е, фосфаден, рибоксин, эссенциале, липой қышқылы, легалон, Д-пеницилламин, реамберин және преднизолон мен азатиопринді қатар қолдану.
Алдын алу.
Жедел вирусты гепатиттің таралуынан сақтандыру.
Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату.
Улы заттармен жанасуды дер кезінде тоқтату.
Диета сақтау.
Алкогольдік ішімдікті доғару, әсіресе С гепатитте.
Инсоляциядан, вакцинациядан, қыздырынудан сақтану.
Ауыр дене қызметімен шұғылданбау.
Диспансерлік тіркеуге алынады. Науқас жылына 3-4 рет дәрігерге қаралып билирубин мөлшерін, тансаминазаларын, сілтілі фосфатазасын тексеріп түрады. Көрсеткіштері бойынша стационарға жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |