Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет71/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
Terapia

Бақылау сурақтары.

  1. Жедел гломерулонефритке анықтама беріңіз.

  2. Жедел гломерулонефриттің негізгі себептері.

  3. Жедел гломерулонефриттің симптомдары.

  4. Науқасқа қандай зерттеу әдістері жүргізіледі?

  5. Емдеудің негізгі принциптері..

  6. Созылмалы гломерулонефриттің анықтамасы және негізгі клиникалық түрлерін атаңыз.

  7. Зәрді Зимницкий бойынша қалай зерттейді?

  8. Созылмалы гломерулонефритте қан, зәр анализдерінің көрсеткіштері.

  9. Созылмалы гломерулонефриттің жалпы емдеу принциптері.

  10. Созылмалы гломерулонефриттің әр түрлі варианттарындағы диета ерекшеліктері.

  11. Созылмалы гломерулонефрит ауруларының алдын алуы және диспансерлік бақылау ерекшеліктері.


Бүйрек тас ауруы
Бүйрек тас ауруы – бұл бүйрекпен несеп шығару жолдарында құм және тастардың (конкременттердің) байланып, өзгерістер дамытатын созылмалы ауруы.
Бүйрек тастары несеп тұздарынан дамып әр түрлі құрамды болуы мүмкін: ураттар, фосфаттар, оксалаттар, аралас және басқада. Олар біреу немесе көп, көлемі құмнан жұмыртқаға дейін болуы мүмкін.
Этиологиясы. Несеп тастардың байлануында негізгі рольді ағзадағы зат алмасу процесстердің бұзылуы ойнайды.
Бейімдеуші факторлар. Аз мөлшерде сұйықтық қабылдау, кальций тұздарына бай суды ішу, бір келкі және көп мөлшердегі тамақ, А және Д дәрумендер тапшылығы, қызыл шарапқа әуестік және басқада, несептің іркілуі, несеп жолдарының қабынуы, бүйрек жарақаттары, бүйрек ұлпасына қан құйылу;
Клиникалық көрінісі. Ауру екі кезеңде өтеді: ұстама аралық және ұстама кезеңі (бүйрек шаншуы). Аурудың дамуы және көрінісі тастың мөлшерінен, бүйректегі қабыну өзгерістерден тәуелді болады.
Ұсақ тастар, тұздар ауырсыну бермеуі мүмкін. Тұз оқтын соқтын зәрмен шығарылып тұрады, кейде несеп ағардың шырышты қабатының тітіркенуінен ауырсыну болуы мүмкін. Егерде тостағаншада құм ғана болса ауру созылмалы болсада ауырсыну бермеуі мүмкін.
Түбекте жатқан үлкен тастар ұзақ уақытқа дейін қозғалмай науқасты мазаламайды. Бұл тастар көбіне шырышты қабатын тітіркендіріп бел аймағында сыздаған ауырсыну береді. Өз бетімен сыртқа шығалмайтын тастарда ауру созылмалы түрге айналып, оған инфекция қосылып үнемі ауырсынудан науқастың жағдайы нашарлай бастайды, пиелит және пиелонефрит қосылады.
Кішірек жылжымалы тастар аурудың клиникасын құрайды, олар жылжып , шырышты қабатын сырып, несеп ағарды бітеп күшті ауырсыну ұстамасын береді. Егерде тас құыққа өтіп кетсе ұстама 2-3 сағатта тарап кетеді, немесе тас несеп ағармен ұзақ жылжыса ауырсынуда ұзаққа созылады. Несеп ағар таспен бітеліп қалса түбек созылып – гидронефроз дамуы мүмкін. Бұл кезде іштің пальпациясында үлкейген бүйректі анықтау болады. Гидронефрозда пиелонефритке әкеліп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет