Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет72/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105
Terapia

Зерттеу:Тексерген кезде ауырған жағында Пастернацкий симптомы оң болады, несепте – гематурия, тұздардың кристаллдары.
Тастың көлемін және орналасу жерін анықтау үшін негізгі зерттеу әдістері болып ультрадыбыспен, рентгенологиялық зерттеу әдістері болады.
Емі. Бүйрек шаншу ұстамасында барлық шаралар ауырсынуды , спазмды басуға бағытталған: кетонал, кеторал, баралгин, спазмалгон,но-шпа.
Ұстама аралық кезенде науқасқа көп мөлшерде күніне 2-3 л сұйықтық ішкізеді. Тастардың құрамын, несеп реакциясын біліп арнайы емдәм және минеральді су тағайындайды.
Фосфат тастарында, несептің сілтілі реакциясында көмір қышқыл сулар тағайындалады (арзни, долмитті нарзан, нафтуся), қышқыл сүт тағамдары, лимон, орташа ет қабылдау болады.
Ураттарда сілтілі минеральді сулар (ессентуки №4 және №17, славян, смирнов, боржоми сулары) , етті шектеп көбіне көкөніс- жеміс тағамдарын тағайындау.
Оксалаттарда әлсіз минералданған сулар ( ессентуки №20, нафтуся).
Барлық науқастардың тағамдары дәрумендерге, әсіресе А және Д дәрумендеріне бай болу керек.
Кішірек тастарда оларды шығару үшін науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріп, ұзақ уақыт жаяу жүргізеді, құрамында эфир майлары бар препараттар (энатин, цистенал) береді, тасты ұсату жүргізеді.
Үлкен тастарда және инфекцияланған жағдайда антибиотиктермен ем жүргізе отыра тастарды операция жолымен алып тастайды.
Алдын алу. Тастардың байлануының алдын алу олардың себептерін жоюда, зат алмасу процесстерді қалпына келтіруде.


Бүйрек тас аурулары бар науқастардың күтімі



Пациенттің проблемалары



Науқасты күтүде мейірбикенің ісі



1.Бүйрек шаншуы ұстамалары.
2. Бел аймағында сыздаған ауырсыну.
3.Тағайындаған емдәмді және тамақтану тәртібін сақтау қажеттілігі.
5.Тас анықталғанда - операциялық емнің қажеттілігі.



1.Әңгімелесу жүргізу;
А) тамақтану тәртібін және емдәмді сақтау туралы,
Б) бүйректе тас анықталғанда - операциялық емнің қажеттілігі туралы.
3.Емдәмді сақтауын бақылау.
5.Науқасқа туыстарының әкелетін тамақтарын бақылау.
6.Бүйрек шаншуы ұстамасы дамығанда науқасқа жедел көмек көрсету.
7.Науқасты зерттеулерге дайындау; УДЗ, урография.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет