Бронхоэктаз ауруы.
Бронхоэктаз ауруы – көптеген бронхтардың жергілікті кеңеюімен және ірінді эндобронхиттің дамуымен жұретін патология. Бұл аурудың басты белгісі – шашыраңқы, көбіне төменгі бөліктерде орналасқан бронхоэктаздар.
Этиопатогенезі. Туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Жүре пайда болған көбіне маскүнемдерде, аспирациялық пневмония, қөқжөтел, созылмалы бронхит салдарынан туындайды.
Ұзақ және күшті жөтелгенде бронхішілік қысым жоғарлап, бронхтардың осал сегменттері керіліп, созылады. Осылай бронхоэктаздар пайда болады.
Клиникалық көрінісі. Анамнезінде бала кезінен респирациялық аурулармен жиі ауратындығы. Ауру 5-25 жас аралығында басталады. Негізгі белгілері – жөтел, «ауыз толтыра » қақырық тастау, әсіресе ертеңгілік уақытта, әдетте 30-500 мл шамасында. Жиі пневмониямен ауырады. Аяқ пен қол саутақтары «дабыл таяқшасындай», тырнақтары «сағат әйнегіндей» сияқты болады, бұл гипоксияның белгісі. Зақымданған жақтың қозғалысы және өкпенің төменгі шетінің дем алысы әлсірейді.
Бронхоэктаз жиі салқын, суық мезгілде қайталанып өршуімен сипатталады. Өршуіне салқын тиу процесі, грипп, басқа да респирациялық инфекциялар түрткі болады. Аускультацияда әлсіреген тыныс алу және әр мөлшердегі ылғалды сырылдар естіледі.
Диагностикасы. Бронхографияда бронхоэктаздардың орналасуы, көлемі, түрі, саны анықталады. Бронхоскопия арқылы қақырықты тазартып, бронхтың жағдайын бағалайды. Соңғы жылдары компьютерлік томография жиі қолданылады.
Емі.
Бронх тармақтарын бронхоскоп арқылы тазалау, катетер арқылы антибиотиктер, ферменттер, антисептиктер ерітіндісін енгізу.
Ағзаны жалпы нығайту терапиясы және симптоматикалық терапия
Хирургиялық ем – өкпе резекциясы.
Өкпенің іріңді ауруы бар науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Пациентті күтуде мейірбикенің ісі
|
Дене қызуының жоғарылауы
Қалтырау
Жөтел
Қақырық
Тершеңдік
Әлсіздік
Кеудеде ауырсыну
Тәбетінің төмендеуі
Қан түкіру
Өкпеден қан кету
|
1.Дәрігер тағайындаған тәртіпті сақтау.
2.Қалтырау және темтература жоғарылаған кезіндегі күтім.
3.Іш киімін және төсек жаймасын уақытында ауыстырып тұру
4.Тыныс алу жиілігін, пульсін, қан қысымын өлшеп қадағалау.
5.Дәрігер тағайындауын дер кезінде және бұлжытпай орындау.
6.Өкпеден қан кеткенде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.
7.Науқасты жеке қақырғышпен қамтамасыздандыру
8.Науқасты тыныс алу және дренаждық жаттығуларға үйрету
9.Науқастың физиологиялық бөліністерін қадағалау, жеке бас гигиена шараларын өткізу.
10.Қақырғыштың залалсыздығын қадағалау.
11.Ағарту жұмыстарын жүргізу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |