Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит


Плеврит ауруы бар науқастардың күтімі



бет11/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Terapia

Плеврит ауруы бар науқастардың күтімі



Пациенттің проблемалары

Пациентті күтуде мейірбикенің ісі

Кеуденің ауырсынуы
Дене қызуының жоғарылауы
Қалтырау
Жөтел
Ентікпе
Тершеңдік
Әлсіздік
Мәжбур жағдай
Тәбетінің төмендеуі
Ұйқының бұзылуы

1.Дәрігер тағайындаған тәртіпті сақтау.
2.Қалтырау және темтература жоғарылаған кезіндегі күтім.
3.Іш киімін және төсек жаймасын уақытында ауыстырып тұру
4.Тыныс алу жиілігін, пульсін, қан қысымын өлшеп қадағалау.
5.Дәрігер тағайындауын дер кезінде және бұлжытпай орындау.
6. Құрғақ плевритте кеудені тығыз дәкелеу
7. Науқасқа жартылай отыруға көмектесу.
8.Науқастың физиологиялық бөліністерін қадағалау, жеке бас гигиена шараларын өткізу.
10. Ағарту жұмыстарын жүргізу.
11.Плевральды пункцияға қажет заттарды дайындау.


Өкпе обыры
Өкпе обыры (рагі)- бронхтардың сілемейлі қабатының эпителийінен немесе өкпе альвеолаларының эпителийінен дамитын қатерлі ісіктер. Ауру көбіне ер адамдарда 40 жастан асқанда дамиды.
Этиологиясы. Аурудың нақты себебі анықталмаған.
Бейімдеуші ықпалдар. Темекі шегу, асбестоз, үлкен қалалардың тұрғындары, радиациялық сәулелену, тыныс алу жүйесінің созылмалы қабыну процесстері.
Клиникалық көрінісі. Аурудың бастапқы кезеңінде белгілері айқын емес, көбіне соңғы кезеңдерде анықталады. Клиникалық белгілерін үлкен 3 топқа бөлу болады: жергілікті, екіншілік, интоксикациялық.
Жергілікті белгілер.Ауру жөтелден, кеуденің ауырсынуынан басталады. Жөтел басында құрғақ, кейін сілемейлі-іріңді қақырық қосылады. Ісік бронх қабаттарына өсе бастағанда қан қақыру, бронх өзегін жаба бастағанда ентігу, жүйке талшықтарын қысқанда дауысы қарылып өзгеруі (афония) пайда болады. Мойынның симпатикалық жүйке талшығын қысқанда, бастың сол жағының терісінің қызуы көтеріліп, көз алмасы ішіне шуңірейіп батып кетеді де шырағы тарылады.
Екіншілік белгілер – метастаздардың белгілері. Өкпе обыры бауырға, лимфа түйіндеріне, өнешке, бүйрекке, миға, сүйектерге (омыртқа, қабырға, бас қаңқасына) метастаз береді: бауыры будырланып үлкееді, лимфа түйіндері ұлғаяды, жұтыну қиындап ішкен тамақты құсып тастайды, омыртқалар, қабырғалар сынады т.б.
Интоксикациялық белгілер. Қатерлі ісіктің токсикалық әсерінен – әлсіздік, қалтырау, салмақ тастау – кахексияға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет