Емі және күтімі. № 8 диетаны сақтау. Тұзды, суйықтықты 1л тәулігіне азайту. Аптасына 1-2 рет салмақ түсіргіш күн сақтау: мысалы тәулігіне 1,5 кг алма немесе 2кг қияр және т.б.. Науқастар көп қимылдау керек: жаяу жүру, жүзу, массаж, салұын сумен сүртіну, циркулярлы душ. Кері көрсеткіш болмаса санаторлы – курортты ем.
Қан және қан түзу мүшелерінің аурулары.
Анемиялар
Анемия немесе қан аздық – қан гемоглобинінің(Нв) және эритроциттер санының азаюымен қосарланатын патологиялық күй.
Анемияның критерийлері:әйелдерде Нв 120 г/л , эритроциттер саны 4 х1012 /л, еркектерде Нв 140 г/л , эритроциттер саны 4,5 х 1012 /л ден аздығы.
Анемиялардың жіктемесі. Анемиялар даму тегіне қарай үш топқа бөлінеді:
І. Қан жоғалтудан дамитын.
1. Жедел постгеморрагиялық анемия.
2. Созылмалы постгеморрагиялық анемия.
ІІ. Эритроциттердің және гемоглабиннің түзілу бұзылысынан дамитын.
1.Темір тапшылықты анемия.
2. В12 –витамин және фолий қышқыл тапшылықты анемия.
ІІІ.Эритроциттердің шамадан артық ыдырауынан дамитын (гемолиздік) анемиялар.
1. Туа пайда болған.
Теміртапшылықты анемия
Теміртапшылықты анемия (ТДА) – қан сарысуында, сүйек миында, деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия.
Темір тапшылықты анемия – жер бетінде кең тараған патологиялық процесс, оның саны барлық анемиялардың 80-95% құрайды. Онымен ауратын көбіне әйелдер, мәселен жүкті әйелдердің және 16-17 жастағы қыздардың 60-65% осы ауруға шалдығады.
Этиолгиясы.
1. Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:ас қорыту жолдарының аурулары ( эррозиялар, жаралар, гемморой),әр түлі қан кетулер ( мұрыннан, өнештен, жатырдан, асқазаннан, өкпеден), донорлық (400-500 мл қан тапсырғанда онымен 250 мл темір кетеді), гельминтоз.
2. Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:ас қорыту жолының аурулары (жіңішке ішектің резекциясы, созылмалы энтерит, панкреатит); қою шайға әуесқойлық (шайдың құрамындағы танин темірдің сіңірілуі бөгейді); гипотиреоз.
3. Темірдің көп мөшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:уланулар, ісіктер, жүктілік және лактация, организмнің тез өсуі.
4. Темірдің туа біткен тапшылығы: көп балалы темір тапшылығы бар анадан туылу.
5. Темірдің тамақпен аз түсуі: ет тағамдарын тұтынбау( вегетариандықтар, дұрыс тамақтануға материалдық жағдайы келмейтіндер, тісі жоқ қариялар).
Достарыңызбен бөлісу: |