Емі.Барлық жағдайларда қан жоғалтудың себебін тауып, оны жою қажет.
Емдік дәм. Тағамдар темірге бай болуы тиіс. Темірге бай өнімдер: сиыр еті, балық, бауыр, өкпе, бүйрек, жұмыртқа; бұршақ, қарақұмық жармалары; алма, шабдалы, қара өрік, т.б.
Сонымен қатар өзге микроэлементтер де қажет (мыс, марганец, кобальт, мырыш). Аталған микроэлементтер мал өнімдерінде, дәнді дақылдарда (сұлы, арпа, бидай, бұршақта) мол.
Дәрмектік ем. Ферротерапияны қолдану. Темір дәрмектерін тамақтан 1 сағат бұрын немесе 2 сағат кейін ішкізеді. Темірдің сіңірілуін жақсарту үшін темір дәрмектерімен бірге ацидин-пепсин, тұз қышқылын, табиғи асқазан сөлін, аскорбин қышқылын суға ерітіп және құрамында фруктоза болатын тағамдарды ішкізеді.
Ферротерапияның әсерін арттыру үшін антиоксидант болып табылатын Е витаминді 1 капсуладан 2 рет/күніне, 1 ай ішкізеді.
Кең қолданылатын темір дәрмектерінің сипаттамасы.
Дәрмектің аты
|
Бір таб-дағы F++мөлшері(мг)
|
Тәулікті дозасы
|
1.Фенюльс (150мг темір сульфаты + вит)
|
45 мг
|
1-2 капс.
|
2.Ферроплекс (50 мг темір сульфаты+ аскорбин қышқылы 30 мг)
|
11 мг
|
8-9 таб.
|
3.Ферроградумет – 105 мг.
|
105 мг
|
1 таб.
|
4. Тардиферон (темір сульфаты+ мукопротеза)
|
200 мг
|
1 таб.
|
5. Гино-тардиферон (256 мг темір сульфаты+ 350 мг фолий қышқылы + 30 мг аскорбин қышқылы)
|
80 мг
|
1-2 капс.
|
6.Сорбифер Дурулес (темір сульфаты+ 60 мг аскорбин қышқылы)
|
100 мг
|
2 таб.
|
7.Гемсинерал-ТД (темір фумараты 200 мг+ цинокобаламин 15 мкг+фолий қышқылы 1,5 мг)
|
100 мг
|
1-2 капс.
|
Достарыңызбен бөлісу: |