Ауаның физикалық қасиеттері. Температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі. Микроклимат, оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері. Бөлмелердің температуралық тәртібін зерттеу әдістері. Шынайы және радиациялық температураны анықтау.
Ауаның ылғалдығын және қозғалысын зерттеу әдісі мен бағасы. «Жел раушанын» әдістемелік құрылымы, оның қолданбалы маңызы. Микроклимат параметрлеріне жүргізілген аспаптық зерттеулердің мәліметтері адамның жылулық жағдайының обьективтік көрсеткіштері және жылусезуі бойынша бөлмедегі микроклиматты бағалау. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары.
Жылыту мен желдету - бөлмелердің микроклиматын жақсартудағы тиімді құрал. Жылытатын жүйелерге қойылатын гигиеналық талаптар. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдеткіштердің гигиеналық маңызы. Табиғи желдеткіштер және оның тиімділігі. Табиғи желдеткіштерді күшейту амалдары. Ауа жіберу жасанды желдеткіштер түрлері. Ауа алмасу көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері.
Атмосфералық қысым. Биіктік (тау) және кессон ауруының себептері, дамуының физиологиялық механизмдері. Кессон ауруының алдын алу. Барометрлік қысымды өлшеу әдістері. Барометрлер мен барографтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі.
Ауа ортасының электрлік жағдайы. Электрлік жағдайды сипаттаушы компоненттер, адам организміне әсері. Ауа ортасының радиоактивтілігінің гигиеналық маңызы.
Жабық бөлмелердің ауасының химиялық құрамының гигиеналық маңызы. Тұрғын, қоғамдық және өндірістік бөлмелердің ауа ортасының ластану қайнарлары. Ауа ортасының сапа көрсеткіштері. Әртүрлі шаруашылықта бөлмелердің ауасындағы химиялық заттарды нормалау принциптері. Ауа сапасының жанама көрсеткіші ретінде бөлмелер ауасындағы көмірқышқыл газды анықтау әдістемесінің маңызы. қайнарлары. Ауа ортасының сапа көрсеткіштері. Әртүрлі шаруашылықта бөлмелердің ауасындағы химиялық заттарды нормалау принциптері. Ауа сапасының жанама көрсеткіші ретінде бөлмелер ауасындағы көмірқышқыл газды анықтау әдістемесінің маңызы. Үйлердің ауасының биологиялық ластануы. Ластауыш көздері және таралу жолдары, эпидемиологиялық қауіптілігі. Ауаның бактериялармен ластануының көрсеткіштері.
Жабық бөлмедегі ауа мен атмосфералық ауаны санитариялық-химиялық және санитариялық-бактериологиялық зерттеу әдістері.
Инфрақызыл сәулеленудің биологиялық әсері. ИҚ сәулелердің қарқындылығын зерттеу әдістері. Актинометрлер мен пиранометрлердің құрылымы және жұмыс жасауы.
Көрінетін сәуленің организмге әсері. Бөлмелердегі табиғи жарық пен күн сәулесінің түсуінің гигиеналық маңызы. Бөлмеге күн сәулесі түсу режимінің түрлері және олардың сипаттамасы. Бөлмедегі табиғи жарық көрсеткіштері. Бөлмедегі табиғи жарықтың гигиеналық маңызы, оған қойылатын гигиеналық талаптар. Жасанды жарық көздерінің, шырақ түрлерінің, жарықтандыру жүйелерінің сипаттамасы. Жарықты анықтау әдістері.Жарықты гигиеналық нормалау қағидалары. Бөлмелердегі жарық түсу тәртібін өлшеу әдістері.
Ұзын, орта және қысқа толқынды ультракүлгін (УК) сәулеленудің фотохимялық әсері және олардың әсерінен болатын өзіне тән тиімділігі. УК- сәулеленудің жетіспеушілігі. УК–сәуленің жетіспеушілігінің алдын алу. Зарарсыздандыру үшін УК–радиациясының бактерицидтік әсерін қолдану.
УК сәулеленудің интенсивтілілігін бағалау және өлшеу әдістері. Ауаның сәулеленуінің бактериоцидтік әсерін бағалау. Бөлмені санациялау үшін қолданылатын бактерицидтік шамның санын есептеу.
Ауа райы мен климат туралы түсінік.
Климаттүзуші негізгі факторлар. Климат түрлері. Климаттық факторлардың адам организміне әсері.
Климаттық факторларды сауықтандыру мақсатында қолдану.
Акклиматизацияның (жерсіндірудің) гигиеналық проблемалары. Қолайсыз климаттық аудандарда акклиматизацияны қамтамасыз ету жөніндегі гигиеналық шаралар. Кешенді метеорологиялық көрсеткіштер және медициналық мақсатта климат пен ауа райын бағалау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |