Типтік оќу баѓдарламасы



бет13/47
Дата03.01.2022
өлшемі130.92 Kb.
#451812
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
№8ТУП ОБЩАЯ ГИГИЕНА ворт

Жалпы сағаты: 10

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) тақырыптарының үлгісі




Тақырыптары

1.

Профилактикалық шаралар жүйесіндегі негізгі жүйе ретінде қоршаған

орта факторларын гигиеналық нормалау.



2.

Ауа қозғалысының жылдамдығы мен атмосфералық қысымды өлшеу

және бағалау әдісі.



3.

Ғимараттың табиғи және жасанды жарығын бағалау мен зерттеу әдісі.

4.

Ультракүлгін сәулесінің қарқындылығын өлшеу және бағалау әдісі.

5.

Инфрақызыл радиациясының қарқындылығын өлшеу және бағалау әдісі.




Аралық бақылау




Жалпы сағаты: 15


Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі




Тақырыптары

1.

Қазақстандағы гигиенамен эпидемиологияның қалыптасу кезеңдері.

2.

Халықтың денсаулығы мен экологиялық факторлар.Адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін гигиеналық (донозологиялық)

диагностикалау принциптері.



3.

Ауа райы мен климаттың гигиеналық маңызы. Акклиматизация

мәселелері.



4.

Күн радиациясының гигиеналық маңызы.

5.

Атмосфералық ауаның биологиялық және химиялық ластануының

гигиеналық маңызы. Адам денсаулығына негатив әсерінің алдын алу шаралары.






Жалпы сағаты: 15

2 кредит


Су және сумен жабдықтау гигиенасы

Судың физиологиялық рөлі. Суды санитариялық–тұрмыстық және денсаулықты жақсарту мақсатында қолдану. Су тұтыну нормалары. Инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралуындағы судың рөлі. Судың табиғи макро- және микроэлемент құрамының ерекшеліктерімен байланысты аурулар. Судың химиялық ластануының негізгі көздері: өте қауіпті ластауыш көздері, халық денсаулығына әсері. Су қойманың өздігінен тазару процесінің маңызы. Сапрофиттер – су қоймалардың санитариялық жағдайының көрсеткіші ретінде.

Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. Су нысандарын қорғау. жерлерді сумен қамтамасыздандыру. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың негізгі жүйелері. Жер үсті, жер асты су көздерімен қамтудың салыстырмалы сипаттамасы. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су көздерін таңдаудың қағидаттары. Нормативті құжаттар, су және су көздерінің сапасы. Су көздерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағынан сенімділігінің көрсеткіштері.

Орталықтандырылмаған сумен жабдықтайтын, шахталық және құбырлы құдықтар мен бұлақ каптаждардың құрылысына және оларды күтіп ұстауға қойылатын талаптар. Құдықтарды тазалау және дезинфекциялау. Су көздерін қорғау әдістері. Ауыз судың сапасын нормалау.

Судың сапасын арттырудың негізгі әдістері: тазарту және зарарсыздандыру. Суды хлорлау, Хлор қажеттілігін, хлор сіңірушілігін және хлор қалдығын анықтау. Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

Суды зерттеу әдістері және судың сапасын жақсартудың принциптері. Ашық су көздері мен су өткізгіш нүктелерден органолептикалық, санитариялық-химиялық және бактериологиялық зерттеулерге судан сынама алу тәсілдері.

Судың органолептикалық (исі, түрі, мөлдірлілігі) және физикалық (температура, РН, түсі) қасиеттерін зерттеудің гигиеналық маңызы мен әдістері. Судың негізгі тұздық құрамын: қаттылығын, хлоридтерін, сульфаттарын, темірлігін, фторлануын зерттеу әдістері. Судың аммиакпен, нитритпен, нитратпен, ОБҚ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері. Эпидемиологиялық қауіпсіздігі көрсеткіштерімен ішетін суды бағалаудағы зерттеу әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет