«Денсаулық» түсінігіне анықтама. Адам денсаулығына қалыптастыратын факторлар. Балалар мен жасөспірмдердің.денсаулық топтары. Денсаулық жағдайын бағалау үшін қолданылатын критерийлер мен көрсеткіштер.
Дене дамуы денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі. Балалардың дамуының биологиялық және әлеуметтік жас кезеңдері. Балалар мен жасөспірімдердің өсіп-дамуының негізгі заңдылықтары және олардың гигиеналық маңызы. Физикалық дамудың акселерациясы және децелерациясы. Дене дамуын зерттеу әдістері. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуының көрсеткіштері және оны бағалау әдістері. Балалардың денсаулық жағдайын аурушаңдығы бойынша бағалау.
Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібі. Балалар мен жасөспірімдердің денесін шынықтыру мен шынығудың маңызы. Дене тәрбиесінің қағидалары, құралдары мен формалары. Денешынықтыру тәрбиесінің топтары.
Еңбекке тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Мамандыққа бағыттау туралы түсінік және жасөспірімдерге кәсіби дәрігерлік кеңес беру.Балалар мекемелерінің орналасуына, жоспарлануына, жабдықталуына және жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың саулығын санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз етуді санитариялық бақылау. Балалар қауымын медициналық тұрғыда қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |