Гигиена – медицинаның негізгі профилактикалық саласы, қоршаған ортаның табиғи және антропогендік факторларының адам организмі мен қоғамның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейтін, аурудың алдын алуға, адам денсаулығын нығайту мен сақтауға, тіршілік әрекеті үшін оңтайлы жағдайларды қамтамассыз етуге бағытталған гигиеналық нормативтерді, санитариялық тәртіп пен шараларды дайындайтын ғылым.
Гигиена бұл көпсалалы пәндердің бірі, оның әрбір бөлімі гигиена ғылымы мен практиканың жеке бір саласын қамтиды – коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы т.б. Сонымен бірге қоғамдық денсаулық сақтаудың болашақ бакалаврларын дайындауда, гигиеналық ғылымның негізін қалаушы бөлім ретінде – гигиена пропедевтикасы ретінде, студенттерді гигиена әлемімен таныстыруда жалпы гигиена ерекше орын алады.
Пәннің мақсаты: ғылым ретіндегі гигиена туралы, оның іргелі негіздері, принциптері мен әдістемелері туралы мәлімет беру, гигиеналық пәндерді оқу кезінде ескертпелі және ағымдық санитариялық бақылаудың теориялық және қолданбалы аспектілерінің заңнамалық базасын игеруге қажетті әдістемелік білім мен шеберліктің негізін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |