Тірек-қимыл жүйесі – адамның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін, жердің тартылу күшіне қарсы (гравитацияға қарсы) қызмет атқаратын жүйе, сондықтан оны антигравитация аппараты деп атайды. Тірек-қимыл аппаратының бөлімдері


ІІІ. Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомация)



бет3/3
Дата27.10.2023
өлшемі237.75 Kb.
#481724
1   2   3
ТҚЖ (копия)

ІІІ. Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомация)
Денені алғашқы қалпынан қозғалту үшін жердің тартылу күшін, сыртқы ортаның кедергісін, дененің инерциялық күшін бағындыру қажет. Локомоция кезінде үнемі дененің тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Локомоцияның негізгі түрлері жүгіру мен жүру.
Олардың реттеу орталықтары жұлын мотонейрондары болып табылады. Бұл жерлерде қозу мен тежелу үрдістерінің алмасуы пайда болады. Жұлын мотонейрондарына мидың басқа жоғары бөлімдері (ми бағанасы, мишық, таламус, стриопаллидарлық жүйе, ми қыртысы) ықпал етеді.
ІV. Манипуляторлық қозғалыстар (ерікті қозғалыстар)
мотивацияға сәйкес іске асады.
Осыған жауапты мидың құрылымдары: ми қыртысы, базальды ганглийлер, мишық.
Гипотонус – бұлшықет тонусының төмендеуі
Гипертонус – бұлшықет тонусының жоғарылауы
Атаксия – тұрғанда және жүргенде бағытталған қимылдардың бұзылуы
Асинергия – оң және сол жақтың қимылының біркелкілігінің бұзылуы
Адиадохокинез – қарама-қарсы қимылдардың дұрыс ауысуының бұзылуы
Дисметрия – қимыл дәлдігінің бұзылысы
Гиперкинез – қозғалыс белсенділігінің артуы
Гипокинез – қозғалыс белсенділігінің азаюы
Қимыл-қозғалыс қызметтерін реттейтін, ОЖЖ бөлімдері
  • Сопақша ми және варолий көпірі – Дене қалпын ұстау рефлекстерін қалыптастырады.
  • Ортаңғы ми. Қызыл ядро мен қара зат – Қаңқа еттерінің тонусын реттейді.
  • Ортаңғы ми. Қара зат – Саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын және шайнау мен жұту үрдістерінің үйлесуін қамтамасыз етеді.
  • Мишық – Еріксіз және ерікті қимылдардың үйлесуін және олардың дәлме-дәл орындалуы мен дене тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Базальды ядролар (жолақты дене және бозғылт шар) – Организмнің ерікті және еріксіз қимыл реакцияларына қатысады.
  • Ми қыртысы – Қозғалтқыш аймағы (моторлық аймақ) ми қыртысының алдыңғы орталық қатпарында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет