Тірек (стойка) қозғалмайтын звено немесе қозғалмайды деп есептелетін звено


Жұдырықшалы механизмнің құрылымдық талдауы



бет8/10
Дата05.10.2022
өлшемі222.55 Kb.
#462051
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кинематикалық диаграммардың мастабтары

3.1 Жұдырықшалы механизмнің құрылымдық талдауы
Механизмге құрылымдық талдау жүргізген кезде қозғалатын және қозғалмайтын звенолар санын, кинематикалық жұптар класын және еркіндік дәреже санын анықтаймыз.Маған көмір ұнтақтағыш жұдырықшалы механизмі берілген (сурет 3.1.1).

Сурет 3.1.1. Көмір ұнтақтағыш механизмі


Жұдырықшалы механизм келесі звенолардан тұрады:
0-тірек;
1-жұдырықша;
2-ролик;
3-күйенте;
Яғни бұл көмір ұнтақтағыш жұдырықшалы механизмі тіректен және 3 қозғалмалы звенодан тұрады.
Енді, механизмнің қандай кинематикалық жұптардан тұратындығын анықтаймыз.
1. A (0, 1) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
2. B (2, 3) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
3. C (3, 0) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
4. D (1, 2) – IV класты, сызықты, жазық, жоғарғы кинематикалық жұп;
Маған берілген көмір ұнтақтағыш жұдырықшалы механизмі тек жазық кинематикалық жұптардан тұратын болғандықтан жазық механизм болып табылады.Жазық механизмнің еркіндік дәреже саны П.Л.Чебышев формуласымен анықталады :
(3.1.1)
мұндағы, -қозғалмалы звенолар саны;
– V класты кинематикалық жұптар саны;
- IV класты кинематикалық жұптар саны.

Бұл жұдырықшалы механизмде ролик артық еркіндік дәреже санын береді, сондықтан еркіндік дәреже санын анықтағанда осыны ескеруіміз керек.

Бұл жұдырықшалы механизм тірек және 3 қозғалмалы звенодан тұрады. Яғни, механизм бір қозғалмалы болып табылады.


3.2 Кинематикалық диаграммаларды құру

Маған берілген жұдырықшалы механизм заңы төртбұрышты болып табылады.


– қашықтау бұрышы;
– қашықтау тоқтам бұрышы;
жақындау бұрышы;
– жақындағы тоқтам бұрышы.
Фазалық бұрыштарды анықтау үшін бос және жұмыс жүрістерінің бұрыштық мәндері қажет:


Енді фазалық бұрыштардың нақты мәндерін есептейміз:










Бізге берілгені ( ) диаграммасы, координаттар жүйесінде және бұрыштар бөліктерінде құрамыз. Техникалық сызу бөліміндегі белгілі әдістермен құрамыз. Диаграмма амплитудасының мәні ретінде кез-келген ұзындықты таңдап аламыз.


( ) диаграммасын графиктік интегралдай отырып ( ) диаграммасын аламыз. - полюстік арақашықтықты таңдап аламыз. Дәл осылай ( ) диаграммасын графиктік интегралдай отырып ( ) – бұрыштық орын ауыстыру диаграммасын аламыз, полюстік арақашықтықтығы .
Күйентенің қозғалыс диаграммасының абсцисса өсінің масштабын келесі өрнек арқылы анықтаймыз:


(3.2.1)



Орын ауыстыру аналогтары өзгерістері = ( ) графигінің масштабы:




(3.2.2)

Жылдамдық аналогтары өзгерістері ( ), графигінің масштабы:




(3.2.3)



Үдеу аналогтары өзгерістері ( ) графигінің масштабы:


(3.2.4)



Жұдырықшаны бірқалыпты айналады деп есептейміз, яғни





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет