Тірек (стойка) қозғалмайтын звено немесе қозғалмайды деп есептелетін звено


Механизмнің кинематикалық анализі



бет3/10
Дата05.10.2022
өлшемі222.55 Kb.
#462051
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кинематикалық диаграммардың мастабтары

2. Механизмнің кинематикалық анализі

Механизмдер кинематикасы уақыт факторын есепке ала отырып, ал әсер етуші күштерді ескермей звенолармен олардың жеке нүктелерінің қозғалысын зерттейді.


Механизмді кинематикалық зерттеу деп, әдетте графиктік кескіндеумен есептеу нәтижесінде әрбір звеноның орналасу қаупін, звено нүктелерінің орын ауыстыруымен немесе звеноның бұрылу бұрыштарын, звенолар нүктелерінің сызықтық жылдамдықтарын және үдеулерін, звенолардың бұрыштық жылдамдықтары мен бұрыштық үдеулерін және механизмнің басқа да кинематикалық параметрлерін анықтайтын процесті айтады.
Механизмнің звено нүктелерінің жылдамдығын анықтау, атап айтқанда, машиналардағы жұмыс процесінің жағдайын анықтау үшін қажет. Жылдамдықты білген соң, үдеуді анықтауға болады, ал үдеуді білген соң олар арқылы инерция күші мен оның түсу нүктесін табуға болады. Шапшаң жүретін және ауыр звенолы машиналарда звенолардың қозғалысы біркелкі болмауына байланысты оларда инерция күші үлкен, сондықтан оларды беріктікке есептеу кезінде бұл күшті ескеру қажет.
Сөйтіп машина жұмысының сапасын анықтау немесе күш анализі үшін кинематикалық анализ жасау жұмысы жүргізіледі. Оның үстіне кинематикалық анализ машиналарына көшу үшін де бір басқыш болып табылады.
Механизмдердің кинематикалық анализі үшін графиктік, графаналитикалық және аналитикалық әдістер бар, бұл жоғарғы математика мен теориялық механиканың теориялары мен ұғымдарына сүйенеді.
Звено нүктелерінің координаталарының, жылдамдықтарын және үдеулерін есептеу механизм жұмысының толық циклінің арасындағы бірқатар орналасу қалыптары үшін жасалынады да, мұның өзі механизм нүктесінің траекториясы мен орын ауыстыру графигін құру жылдамдық пен үдеудің годографикасы дұрыс баға беру үшін қажетті параметрлерді анықтауға мүмкіндік туғызады.

    1. Он екі орын үшін орындар планы

Белгілі бір масштабпен шартты белгілер бойынша жасалған механизмнің графиктік кескіш оның планы деп аталады.


Механизмдердің қатарындағы құрылымдық топтардың барлық звеноларының орындары жетекші звеноның орындарымен толық және бір мәнде анықталады. Сондықтан механизм планын құрғанда жетекші звенолардың орындарын жетекші звеноның берілген орындарына сәйкес құрады. Механизм планын құрғанда барлық звенолардың ұзындықтары және қозғалмайтын топсалардың центрлерінің координаталары және жетекші звеноның қозғалыс заңы берілген болуы керек.
А1 форматына орындар планын сызу үшін ең алдымен оның масштабын таңдап аламыз:
(2.1.1)
мұндағы – айналшақ ұзындығының нақты мәні, м ;
AB – айналшақ ұзындығының сызықтық мәні, мм.
= =0,0012

Механизмнің звеноларының ұзындықтарымен тіреуіштерінің арақашықтығын анықтау үшін берілген арақашықтарды және ұзындықтарды масштабқа бөлеміз:


(2.1.2)
(2.1.3)
(2.1.4)
(2.1.5)
(2.1.6)

Жоғарыдағы формулалар бойынша звенолардың ұзындықтары мен тіреуіштерінің арақашықтықтарын анықтаймыз :









Енді осы анықталған сызбалық мәндер бойынша он екі орындар үшін механизмнің сұлбасын «қию» әдісімен саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет