Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері Орындаған: Жұман Асет Жоспар Кіріспе



бет1/4
Дата22.11.2023
өлшемі0.64 Mb.
#484124
  1   2   3   4
Биофизика ЖАА


Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері
Орындаған:Жұман Асет
Жоспар
Кіріспе:
Өрістер туралы түсінік
Негізгі бөлім:
Физикалық құбылыстар
Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері.
Электр өрісі
Магнит өрісі
Адам ағзасына физикалық сипаттағы факторлармен әсер ететін электрлі терапияның негізгі әдістерінің классификациясы
Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер
Физикалық құбылыстар әртүрлі типті болады. Бүкіл әлемдік тартылыс заңына сәйкес бір-біріне тартылыстағы екі планетаны қарастырайық. Планеталар-астрофизиканың, яғни аспан денелері физикасының зерттейтін объектілері. Ал тартылыс? —Бұл да физиканың зерттейтін объектісі; дегенмен де планеталар мен тартылыс -мүлдем бір-бірінен өзгеше объектілер. Егер планеталар-атомдардан, молекулалардан, одан да күрделі қосылыстардан түзілген ірі денелер болса, ал тартылыс-қоршаған кеңістікте таралған денелердің касиеті. Дегенмен де, ол-массасы, тығыздығы бар жоне басқа да сипаттамаларға ие болатын, сонымен қатар гравитон деп аталынатын бөлиектерден құралған материялық, объект, "өріс". Әзірге гравитациялық өріс туралы ақпарат көп емес, есесіне, атомдар мен молекулаларды бүтіндей және де бүкіл тіршілік дүниесін біріктіріп байланыстыратын электромагниттік өріс жайлы деректер мол. Барлығымызға белгілі, жалпы күштік өріс деп берілген күш әсері сезілетін кеңістікті айтамыз.
Электромагниттік күштер гравитациялық күштерге қарағанда әлдеқайда күштірек. Электромагниттік күштер кейбір мезеттерде білінбейді, өйткені оларльң әрі тартылыс және әрі тербеліс күштері болып келуінде. Сондықтан да система үшін бұл қарама-қарсы күштер бірін-бірі өте дәл компенсациялап тұрады. Ал гравитациялық күштер тек тартылыс күштері болып табылады. Электромагниттік өрістің "бөлшектері"-фотондар-сәуле шығарушы денеден жарық порциясы немесе радиотолқын (дәлірек айтсақ-өріс энергиясынъң порциясы) ретінде өз еркімен қозғалып жүре алады. Қазіргі кванттық механикаға сай кез-келген бөлшекке толқын немесе толқынның үзілісі сәйкес келеді. Тағы да әрбір бөлшекке өзінің өрісі сәйкестендіріледі. Мұндай мағынада бөлшектер мен өрістің табиғаты бір екенін көруге болады. Алайда екеуі бір-біріне келтірілмейді; кезінде бөлшекті өрістің бөлігі деп көрсетпекші де болған. Қазіргі кезде бұлар корпускулалык, және толқындық аспектілердің бірлігі деп қарастырылады. Өте тереңгі деңгейде қарастырғанда микрообъектілер бөлшектер де, толқындар да емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет