Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері Орындаған: Жұман Асет Жоспар Кіріспе


Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану



бет2/4
Дата22.11.2023
өлшемі0.64 Mb.
#484124
1   2   3   4
Биофизика ЖАА

Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану. Электрлік зарядталған денелердің қасиеттері адамзатқа қазіргі кезден 2,5 мың жылдай бұрын белгілі болған. Зарядтардың оң және теріс деп, шартты түрде, аталынған екі түрлі болатындығы мәлім. Дененің аттас зарядтары бір- бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар-тартылады. Олардың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен сипатталады, яғни ол зарядтардың шамаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың өзара арақашықгығыньң квадратына кері пропорционал болады. Барлык, зарядтар шамасы е~1,6*10 К кулонга тең минимал элементар зарядқа еселенеді. Дәл осындай заряд теріс зарядталған электронда болады және де барлық басқа зарядталған элементар бөлшектерде: оң протондар мен позитрондар да,оң және теріс мезондарда болады (қос элементар зарядтары болатын кейбір резонан бөлшектерден басқа).
Бірақ та осы күнге дейін электрон зарядының табиғаты және зарядтың бір таңбасының екіншісінен айырмашылық мәні түсініксіз. Зарядтың квантталу себебі түсініксіз-не себепті барлық зарядтар элементар зарядқа еселенген, неге оның шамасы келтірілген мәнге тең. Осының бәрі физиканың әлі де болса ашылмаған үлкен сырларьньң бірі болып табылады. Дегенмен де, бір қызығы, зарядталған денелердің қозғалысы, әсерлесулері толығымен мұқият зерттелінген және алдын-ала болжауға да болады.
Магнит өрісі
Электр зарядын қоршаған ортада белгілі бір физикалық қасиеттері бар электростатикалық өріс болатыны сияқты тоқтарды қоршаған ортада да магнит өрісі деп аталатын өрістің ерекше түрі пайда болады. Егерде электростатикалық өрістің бар жоғы оған әкелінген зарядталған денеге әсер етуші күш арқылы білінсе , магнит өрісі осы өріске әкелінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Сөйтіп, электрлік және магниттік құбылыстардың осындай өзара байланысын бірінші рет 1820 жылы Дат физигі Эрстед (1777-1851) ашқан болатын. Яғни, ағатын ток маңына магнит стрелкасын қойсақ, онда стрелканың ток бағытына қарай бағытын біршама өзгерткендігін байқаған. Эрстедтің бұл жаңалығы көптеген физиктерді қызықтырып, осыдан бастап олар электромагниттік құбылыстарды кеңінен зерттей бастады. Солардың бірі француз физигі Ампер (1775-1836) болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет