Негізгі емі –регидратация. 2 сатымен жүргізіледі: - Ауруханаға жатқызылғанға дейінгі жоғалтқан сұйықтықты толтыру
- Ары қарай шығып жатқан сұйықтықтықпен минералдарды калыптастыру.
- Оральды регидратация - регидрон, оралит, цитроглюкосолан
- Парентеральды регидратация - полиионды сұйықтықтықтарды тамыр ішіне енгізу(ацесоль, трисоль, дисоль, квартасоль т.6.)
- Этиотропты ем: тетрациклин, доксициклин, сифлокс, фторхинолондар (офлоксацин, ципрофлоксацин т.6.)
Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары: Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда: - эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
- емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
- арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
- этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
- халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Тырысқақ
- https://kazmedic.org/archives/1182
- https://rel.kz/tyrys-a-holera-auruy-turaly-m-limet/
Достарыңызбен бөлісу: |