Тіркелген авиациялық электр байланыс желісінде жұмыс істеу технологиясы Жалпы ережелер


«IA-5» кодында (арнаның белгісі сәйкес келмеген жағдайда)



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі339 Kb.
#206418
1   2   3   4

«IA-5» кодында (арнаның белгісі сәйкес келмеген жағдайда):


«(STX) СЖЦ АЛЫНҒАНЫ АСА375 КҮТІЛГЕНІ АБА123<≡»

немесе


«(STX) SVCLRASA375EXPABA123<≡».

  1. Хабарлама соңы сигналының жоқ екені анықталған жағдайда:

«ITA-2» кодында:

«СЖЦҚАЙТАЛАҢЫЗАБА123ХАБАРЛАМАНЫҢСОҢЫЖОҚ<≡»

немесе

«SVCRPTABA123NOENDOFMESSAGE<≡»;



«IA-5» кодында:

«(STX)СЖЦҚАЙТАЛАҢЫЗАБА123ХАБАРЛАМАНЫҢСОҢЫЖОҚ <≡»

немесе

«(STX) SVCRPTABA123NOENDOFMESSAGE<≡».



  1. Қабылданған хабарламаның ұзындығы рұқсат етілген ұзындықтан асқан жағдайда:

«ITA-2» кодында:

«СЖЦМӘТІНАБА123ӨТЕҰЗЫН<≡»

немесе

«SVCTXTABA123TOOLONG<≡»;



«IA-5» кодында:

«(STX) СЖЦ МӘТІНАБА123 ӨТЕҰЗЫН <≡»

немесе

«(STX) SVCTXTABA123TOOLONG<≡».



  1. Орыс тіркелімінде қабылданған хабарламаның адрестік жолында халықаралық арнаға жіберілуге тиіс адрес болған жағдайда (адрестік көрсеткінің бірінші әріпі «У»-дан өзгеше), хабарлама жеделхатты жіберушіге жолданып, мынадай форматта болады:
«ITA-2» кодында:

«СЖЦҚАЙТАЛАҢЫЗ140018 УАААЗГЗЬ<≡»;

«ЖІБЕРУШІНІҢЖОЛЫНДАҚАТЕКЕТКЕН<≡»;

«IA-5» кодында:

«(STX) СЖЦ ҚАЙТАЛАҢЫЗ 140018 УАААЗГЗЬ<≡»;

«ЖІБЕРУШІНІҢЖОЛЫНДАҚАТЕКЕТКЕН <≡».


  1. Уақыт аралығын сұрату қажет болған жағдайда мынадай форматта хабарлама жасалады:

«ITA-2» кодында:

«СЖЦРПТ1230-1305<≡»


немесе

«SVCRPT1230-1305<≡»;

«IA-5» кодында:

«(STX) СЖЦРПТ1230-1305<≡»

немесе

«(STX) SVCRPT1230-1305<≡».

9-параграф. Хабарламаны қабылдағанын растау


  1. AFTN станциялары қабылданатын нөмірлердің ретіне қарай хабарламалардың қабылдануын бақылауды жүзеге асырады. AFTN қабылдау станциясы төмендегі жағдайларда хабарламаны қабылдағанын міндетті түрде растайды:

апат туралы хабарлама қабылдағанын («СС» («SS») санатындағы);

кесте бойынша жұмыс істеген жағдайда;

«ЛР» («LR») рәсімдік сигналы бар арналар арқылы таратылатын бақылау хабарламаларын құрғанын;

хабарламаны айналма жолдар бойынша бергенін.



  1. Апат туралы хабарламаны алғанын межелі AFTN станциясы хабарламаны жіберуші AFTN станциясына әр жағдайда жеке растайды. Межелі AFTN станциясы «СС» («SS») шұғылдық индексі бар кіріс хабарламаны қай тіркелім бойынша: орыс немесе латын тіркелімімен алғанын растайды. Қабылдағанын былайша растау хабарлама жіберуші AFTN станциясына жіберілген толық хабарлама пішімінде жасалады, мұндай хабарламаға «СС» («SS») шұғылдық индексі беріліп, оған онымен байланысты сигнал қосылады, мұның мәтіні мынадай болады:

«Р» («R») рәсімдік сигналы;

расталатын хабарламаның дереккөзі;

мәтін соңының сигналы.

Растау хабарламасы мынадай пішімде болады:


«ITA-2» кодында:


«ЗЦЗЦБАА123[1522]*<≡»;

«ССУУУУЗГЗЬ<≡»;

«311522УАААЫФЫЬЮЮЮЮЮ**<≡»;

«Р311521УУУУЗГЗЬ<≡»;

«≡≡≡≡≡≡≡НННН»

немесе


«ZCZCBАА123[1522]*<≡»;

«SSUUUUZGZX<≡»;

«311522UAAAYFYXЮЮЮЮЮ**<≡»;

«R311521UUUUZGZX<≡»;

«≡≡≡≡≡≡≡NNNN»;

«IA-5» кодында:

«(SO)БАА123[1522]*<≡»;

«ССУУУУЗГЗЬ<≡»;

«311522УАААЫФЫЬ(BEL)(BEL)(BEL)(BEL)(BEL) <≡»;

«Р311521УУУУЗГЗЬ<≡»;

«(VT)(ETX)»

немесе


«(SI)BАА123[1522]*<≡»;

«SSUUUUZGZX<≡»;

«311522UAAAYFYX(BEL)(BEL)(BEL)(BEL)(BEL)< ≡»;

«R311521UUUUZGZX<≡»;

«(VT) (ETX)»;

* - [ ]міндетті емес деректер;

** - орыс тіркелімі бар аппаратура үшін.


10-параграф. Кесте бойынша жұмыс істеу


  1. AFTN станциясы жұмысын тоқтатпастан бұрын бұл туралы ортақ арналары бар барлық AFTN станцияларына ескертіп, жұмысын қайта бастау уақытын хабарлайды, егер бұл уақыт жұмыстың қалыпты басталу уақытынан өзгеше болса. Мұндай хабарламаның мәтіні шектес AFTN станциялары арасындағы уағдаластық бойынша анықталады.

  2. Шектес AFTN станциясынан жұмысының алдағы тоқтатылуы туралы хабарлама алған AFTN станциясы мынадай мәтінде қызметтік хабарлама жібереді: «СЖЦ» («SVC») қысқартуы, «ЛР» («LR») «ЛС» («LS») рәсімдік сигналдары, бұлардан кейін әр арна бойынша қабылданған және таратылған соңғы өңделген хабарламаның тарату белгісі мен реттік нөмірі қойылады. Шектес AFTN станциялары арасында уағдаластық болған жағдайда мұндай хабарламаға қосымша мәтін қосуға болады. Мәтіннен кейін мәтін соңының сигналы қойылады.

Қызметтік хабарламаның форматы:

«ITA-2» кодында:

«СЖЦЛРАБА123ЛСБАА321<≡»;

қосымша мәтін, қажет болған жағдайда

немесе

«SVC LRАBА123LSBАА321<≡»;



қосымша мәтін, қажет болған жағдайда.

«IA-5» кодында:

«(STX) СЖЦ ЛРАБА123ЛСБАА321<≡»;

қосымша мәтін, қажет болған жағдайда

немесе

«(STX) SVC LRАBА123LSBАА321<≡»



қосымша мәтін, қажет болған жағдайда.

  1. AFTN станциясы осы Технологияға 75-тармаққа сәйкес жасалған хабарламаны алып, реттік нөмірлерін салыстырып тексереді және қажет болған жағдайда хабарламаларды жеткізу бойынша іс-әркеттерді орындайды. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциясы хабарламалардың станция жабылған кезде де арна арқылы келуін және жіберілуін қамтамасыз етеді.

  2. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциясының жұмысын қайта бастауы шектес станциялармен жасалған уағдаластық шеңберінде жүргізіледі.



11-параграф. Хабарламаларды айналма жолдар арқылы тарату


  1. Трафиктің қозғалысын жылдамдату қажет болған жағдайда хабарламаларды таратуға белгіленген тракттарды өзгерту көзделген. Әрбір AFTN станциясында тиісті AFTN станцияларын пайдаланатын әкімшілікпен келісілген қосалқы тракттар тізбесі болады және оларды қажетіне қарай қолданады.

  2. Егер AFTN станциясының белгісі бір тізбегінде қосылқа тракт көзделмеген жағдайда, тізбек істен шыққан жағдайда хабарламаларды жеткізу талаптары осы екі AFTN станцияларының әкімшіліктері арасында келісілуге тиіс.

  3. Белгіленген тракттарды өзгерту 10 минуттық кезең шегінде жүргізілуге тиіс.

  4. Трафикті айналма тізбек арқылы жіберу қажет болған жағдайда бағытты өзгерту арнайы қызметтік хабарламалармен алмасқаннан кейін жүзеге асырылады. Мұндай қызметтік хабарламалардың мәтіні мынадай:

«SVC» қысқартуы;

«QSP» рәсімдік сигналы;

бағытты өзгертуден бас тартуды немесе жоюды сұрау үшін «RQ», «NO» немесе «CNL» рәсімдік сигналы талап етілген жағдайда;

бағытты өзгерту қолданылатын тракттардың, мемлекеттердің, аумақтардың, орналасқан жерінің немесе бағыттағы станциялардың белгілері;

мәтін соңының сигналы.

Қызметтік хабарламалар пішімдері:

тракттардың өзгерту үшін («UACC», «UASP» және «UASK» станциялары үшін трафикті жіберу жоспарланып отырған AFTN станциясына жіберіледі):

«SVCQSPRQUACCUASPUASK<≡»;

тракттардың өзгерісін қабылдау үшін («UACC», «UASP» және «UASK» станциялары үшін аралап шығуды қамтамасыз етуге дайын AFTN станциясы жібереді;:

«SVCQSPUACCUASPUASK<≡»;

тракттарды өзгертуден бас тарту үшін (UACC, UASP және UASK станциялары үшін аралап шығуды қамтамасыз ете алмайтын AFTN станциясы жібереді);

«SVCQSPNOUACCUASPUASK<≡»;

тракттардың өзгерісін жою үшін («UACC», «UASP» және «UASK» станциялары үшін трафик жіберілген AFTN станциясына жіберіледі);

«SVCQSPCNLUACCUASPUASK<≡».



  1. Трафикті өзгертуді мәнін толық түсіндіріп беретін еркін нысанда жазылған қызметтік хабарламалар арқылы келісуге болады.

  2. Айналма тізбек бойынша трафикпен алмасу басталғаннан кейін дереу AFTN станциясының екеуі де айналма тракттары бойынша істен шыққан тізбектің тікелей арналарының әрбірінің соңғы қабылданған және берілген арналық реттік нөмірлерімен алмасуға тиіс. Мұндай алмасу толық қызметтік хабарлама түрінде жүргізіледі, оның мәтінінде «СЖЦ» («SVC») қысқартуы, «ЛР» («LR») «ЛС» («LS») рәсімдік сигналдары болады, бұл сигналдардан кейін істен шыққан тізбекітің әрқайсысының қабылданған және таратылған соңғы өңделген хабарламаларының тарату белгісі мен реттік нөмірі қойылады.

Қызметтік хабарламаның форматы (трафикпен алмасу):

«ITA-2» кодында:

«СЖЦЛРАБА123ЛСБАА321<≡»

немесе


«SVC LRАBА123LSBАА321<≡»;

«IA-5» кодында:

«(STX) СЖЦ ЛРАБА123ЛСБАА321<≡»

немесе


«(STX) SVC LRАBА123LSBАА321<≡».

Осындай форматтағы хабарлама реттік нөмірлерін түзету және AFTN станциясы кесте бойынша жұмыс істеген жағдайда (осы тараудың 10-параграфы) реттік нөмірлерді салыстырып тексеру қажет болған кезде тікелей арна бойынша таратылады.

Айналма тізбек бойынша осындай хабарлама алған AFTN станциясы шектес AFTN станциясы алмаған хабарламаларды қайта жіберіп, қажет болған жағдайда осы арна бойынша алынған реттік нөмірді түзетеді (арнаның жұмысы қалпына келген жағдайда хабарламаларды сұратуды жою).


  1. Трафикті рұқсат етілген кезең ішінде AFTN желісі арқылы өткізу мүмкін емес екендігі және хабарламаларда келіп түскен AFTN станциясында трафик жиналып қалғаны түсінікті болған жағдайда әрі қарайғы іс-қимылдарға қатысты хабарламаны жіберушіден консультация алынады. Тиісті AFTN станциясы мен хабарламаны жіберуші арасында осындай жағдайда орындалатын іс-қимылдарға қатысты қандай да бір алдын ала уағдаластық болған жағдайда мұндай келісім талап етілмейді.



5. Хабарламаларды AFTN станциясында өңдеу

және адресаттарға жеткізу
1-параграф. Жалпы ережелер


  1. AFTN станциялары хабарламаларды жіберушіден алушыға жеткенге дейін өңдеуді қамтамасыз етуге арналған.

  2. AFTN станцияларының қызметкерлерінің саны мен жұмыс тәртібі осы AFTN станциясының автоматтандырылу дәрежесіне және өңделетін хабарламалар көлеміне қарай анықталады.

  3. Хабарламаларды тарату және қабылдау жылдамдығын арттыру үшін шеткі станциялар (бұдан әрі – ШС) ұйымдастырылуы мүмкін. AFTN станциясымен жұмыс істеу және өзара әрекет ету тәртібі осы Технологияда айқындалған. ШС жұмыс істеу технологиясын осы ШС бекітіліп берілген әкімшілік белгілейді.

  4. AFTN станцияларының қызметкерлері өз қызметінде AFTN станциясының басшысы жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеген лауазымдық нұсқаулықтарын басшылыққа алады.


2-параграф. AFTN станциясының бағыттық анықтамалығы


  1. Трафикті ICAO белгілеген рәсімге сәйкес тізбектермен жіберу үшін AFTN станциясының берілген тізбектері бойынша анықтамалықтың мынадай элементтері қолданылуға тиіс:

1) тізбектің жұмысы бұзылмаған жағдайда адресаттың әрбір индексі үшін қолданылуға тиіс бастапқы тізбекті дұрыс көрсететін тізбе. Бұл тізбе «станцияның жол тізімі» деп аталады

2) жай тізбек жоғалған жағдайда қолданылуға тиіс бастапқы тізбекті көрсететін айналма тізбектер (қосалқы тракттар) тізбесі;

3) AFTN байланыс орталығы осы тізбек бойынша қабылдайтын және тарататын адресаттардың индекстерін көрсететін әрбір кіріс тізбек ескерілген кіріс тізбектері бойынша көрсеткілер тізбесі. Бұл тізбе «хабарламаларды қабылдау үшін жауапкершілік тізімі» деп аталады;

4) осы тізбек бойынша қабылдауға рұқсат етілген жіберушілер индекстерінің тізбесі.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тізбелер AFTN станциялары үшін өңірлік деңгейде келісіледі. Негізгі және айналма тізбек бұзылған жағдайда үшінші AFTN станциясы арқылы айналу осы Технологияға 4-тарауының 11-параграфындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген тізбелер AFTN станциясының әрбір тізбегі үшін жеке жасалуға тиіс.



3-параграф. Бөлек жазылған

адрес және қысқартылған адрестік жол


  1. Қабылданған хабарламаны қайта тарату қажет болған жағдайда AFTN станциясы адресті бөлек жазу рәсімін қолданады, ал оны қолдану мүмкін емес болған жағдайда – қысқартылған адрестік жол рәсімін қолданады.

  2. Бөлек жазылған адрес:

  1. Қабылданған хабарламаны қайта тарату қажет болған жағдайда AFTN станциясы қабылданған хабарламаның адрестік жолынан адресаттардың кіріс тізбек бойынша өзі жауап беретін барлық индекстерін алып тастайды;

  2. Тізбекке осы тізбек бойынша таратуға арналған адресаттардың хабарламасының адрестік жолындағы (жолдарындағы) индекстерін ғана жібереді.

  1. Қысқартылған адрестік жол:

  1. қабылданған хабарламаны қайта тарату қажет болған жағдайда AFTN станциясы қабылданған хабарламадағы адресаттардың кіріс тізбек бойынша өзі жауап беретін индекстерін ғана белгілейді;

  2. тізбекке мынадай мазмұндағы хабарлама жіберіледі:

осы тізбекке жіберуге арналған адресаттардың индекстері бар жаңадан құрастырылған адрестік жолда (жолдарда – үш адрестік жолды өңдеген жағдайда;

кейінгі жолда (жолдарда) – қабылданған хабарламаның адрестік жолының толық көшірмесі.



4-параграф. Айналма тізбек индексі


  1. Хабарламаны айналма тізбек арқылы жіберген жағдайда хабарламаның тақырыбына «ЖЖЖ» («VVV») айналма индексі қойылып, содан кейін «ITA-2» кодында 5 «БОС ОРЫН» және бір «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» позициясы қойылады.

  2. Айналма индексі қойылған хабарламаны әрі қарай таратқан кезде «ЖЖЖ» рәсімдік сигналын хабарламаны қабылдаушы AFTN станциясы алып тастайды. Мұндай хабарламаны әрі қарай тарату осы AFTN станциясының бағыттық анықтамалығына сәйкес жүзеге асырылады.



5-параграф. Транзиттік хабарламаларды

AFTN станцияларында өңдеу


  1. AFTN станцияларында ұзақтығы кем дегенде бір сағат уақыт бойы осы AFTN станциясы арқылы қайта тарату жолымен берілген барлық хабарламалардың толық көшірмесі сақталады.

  2. AFTN станцияларында қайта тарату жолымен берілген барлық хабарламаларды тануға және ол бойынша орындалған іс-әрекеттерді анықтауға қажет болатын ақпарат жазылған жазба 30 күнтізбелік күн бойы сақталуға тиіс.

Хабарламаларды тануға қатысты ереже хабарламаның тақырыбына, адресіне және дереккөзіне қатысты бөліктерін жазып алу арқылы орындалуы мүмкін.

  1. Транзиттік хабарламаларды тарату кезектілігі осы Технологияның 14-тармағындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. «ДД» («DD»), «ФФ» («FF»), «ГГ» («GG») және «КК» («KK») шұғылдық индекстері қойылған хабарламаларды транзиттік тарату уақыты ь 10 минуттан аспауға тиіс. «СС» («SS») шұғылдық индексі қойылған хабарламалар кезектен тыс таратылады.

  2. Хабарламаларды қайта тарату мүмкін емес екендігі анықталған жағдайда осы Технологияның 95-тармағындағы талаптарға сәйкес айналма тізбектерді қолдану қажет.

  3. AFTN станцияларында транзиттік хабарламаларды бағыттау «Тіркелген авиациялық қызмет желісін жоспарлау және оның техникасы жөніндегі нұсқаулық DOC 8259» ICAO құжатында көрсетілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

  4. Транзиттік AFTN желісінде хабарламаның тақырыбынан кейінгі бөлікке енгізілетін жалғыз өзгеріс қысқартылған адрестік жол енгізу немесе адресті бөлек жазу рәсімін қолдану болып табылады.



6-параграф. Хабарламаларды адресатқа жеткізу


  1. Жер үстіндегі авиациялық электр байланысы станциялары хабарламаларды осы станция қызмет көрсететін әуеайлақ (әуеайлақтар) шекарасы шегінде орналасқан адресатқа (адресаттарға), ал бұл шекаралардан тыс жерде орналасқандарына – тиісті келісім жасалған адресатқа (адресаттарға) ғана жеткізу жүзеге асырады.

  2. Хабарламалар жазбаша түрде немесе AFTN станциясын иеленетін азаматтық авиация ұйымының нұсқаулығында жазылған тұрақты қолданылатын басқа әдіспен жеткізіледі.

  3. Хабарламаны қабылдаған кезде «ITA-2» кодында оны жазбаша түрде жеткізген кезде хабарламаның басында үздіксіз реттілікпен алдыңғы хабарлама соңының сигналы («НННН» [«NNNN»]) және («ЗЦЗЦ» [«ZCZC»]) осы хабарламаның басының сигналы болуы мүмкін. Жеткізілетін хабарлама соңында хабарламаның соңының сигналы болмауы мүмкін.

  4. AFTN станциясы осы станцияның адресаттары үшін қабылдаған кіріс хабарламалар станцияда алушылар тікелей өзі алған, экспедиторлар немесе курьерлер жеткізген жағдайда оларды әрбір адресатқа табыстау үшін қатаң белгіленген дана мөлшерінде ғана көбейтіледі. Көбейтілген әрбір хабарлама осы Технологияға 11-қосымшаға сәйкес AFTN станциясындағы хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналында тіркелуге тиіс. Бұл журналға табысталған күні мен уақыты көрсетіліп, қол қойылады. Басқа әдістермен жеткізілетін хабарламалар (ШС арқылы) бұл журналда тіркелмейді.

  5. Ерекше жағдайларда тиісті өкіммен белгіленген адресатқа немесе лауазымды тұлғаға «СС» («SS») және «ДД» («DD») шұғылдық санатындағы хабарламалардың өзін кейін жеткізіп, мазұмнын телефон, «ГГС» немесе «FAX» арқылы айтуға болады.

Бұл жағдайда хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналына тиісті жазу жазылады.

  1. Хабарламалардың көшірмесін олар арналмаған адамдарға жасау және беруге тыйым салынады.

  2. Хабарламаларды адресаттарға уақтылы жеткізу лауазымдық міндеттеріне кіретін тұлғаларға жүктеледі.

  3. AFTN станциясының қызметкерлеріне хабарламаларды адресаттарға жеткізуге тыйым салынады.



7-параграф. AFTN хабарламаларының

алдын ала белгіленген тарату жүйесі


  1. Тиісті әкімшіліктер арасында AFTN хабарламаларының алдын ала белгіленген тарату жүйесін қолдануға қатысты белгілі уағдаластық болған жағдайда мынадай жүйе қолданылады.

  2. Хабарламаларды алдын ала белгіленген тарату жүйесін қолдануға келісім берген мемлекеттер арасында тарату кезінде алдын ала белгіленген тарату адресінің индексі («PDAI») төмендегідей құрылады:

  1. бірінші және екінші әріп:

осы жүйені қолдануға келісім берген және хабарламаларды алдын ала белгіленген трактпен тарату міндеттемелеріне қатысты тізбек бойынша хабарлама алған AFTN байланыс орталығының орналасқан жері индексінің бірінші екі әрпі;

  1. үшінші және төртінші әріптер:

арнайы тарату қажеттігін көрсететін «ЗЗ» («ZZ») әріптері;

  1. бесінші, алтыншы және жетінші әріптер:

AFTN байланыс орталығы қолдануға тиіс «A-Z» сериясынан алынған және ішкі және/немесе халықаралық тарату тізбесін (тізбелерін) білдіретін әріптер;

«Н» («N») және «С» («S») әріптері тиісінше NOTAM және SNOTAM хабарламалары үшін бесінші әріп ретінде резервтеледі.

4) сегізінші әріп:

«Ь» («X») толықтырғыш әріп немесе AFTN байланыс орталығы қолдануға тиіс «A-Z» сериясынан алынған және ішкі және/немесе халықаралық тарату тізбесін білдіретін әріп.

Хабарламаның басы мен соңы сигналдарын шатастырмас үшін AFTN «ЗЦ» («ZC») «ЦЗ» («CZ») «НН» («NN») әріптерінің комбинациясын қолданбайды.


  1. Алдын ала белгіленген тарату жүйесін мемлекеттер арасында қолданған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы индекстерді көбейтумен айналысатын бірнеше AFTN байланыс орталықтары жұмылдырылған мемлекет ішінде қолданған жағдайда алдын ала белгіленген тарату индекстерін белгілеуді және Қазақстан Республикасының осы индекстерді көбейтумен айналысатын AFTN байланыс орталықтарын анықтауды Хабарламаларды таратудың бас орталығы жүзеге асырады.

  2. Алдын ала белгіленген тарату жүйесін қолданған жағдайда AFTN станциялары төмендегілерге адресаттардың тиісті индекстерінің тізбелерімен бірге алдын ала тарату белгіленген адресаттардың өздері өңдеген индекстерін жібереді:

1) алдын ала тарату үшін адресаттардың индекстерін дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала таратылатын AFTN хабарламаларын алатын AFTN станцияларына;

2) қайта тарату туралы өтініштерді өңдеуді жеңілдету және жіберушілерге алдын ала тарату адресаттарының индекстерін дұрыс қолдануына көмектесу мақсатында алдын ала таратылатын AFTN хабарламаларын құрастыратын жіберушілерге.



8-параграф. Есеп және есептілік


  1. Барлық ШС және хабарламаларды таратудың барлық деңгейдегі бас орталықтарында (AFTN ХТО) осы Технологияда айқындалатын есептік және пайдалану құжаттамасын жүргізу мен сақтау ұйымдастырылады.

  2. ШС арналған есептік және пайдалану құжаттамасына мыналар жатады:

шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары;

осы Технологияға 10-қосымшасына сәйкес формасы бойынша хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналы;

шығыс хабарламалар (қағаз бумасы немесе АРМ мұрағаты);

осы Технологияға 3-қосымшаға сәйкес жеделхаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі;

осы Технологияға 1-қосымшаға сәйкес хабарламалардың кешігу және келмеу себептеріне тексеру жүргізу журналы;

авиациялық электр байланысы органының немесе ШС үшін жауап беретін әкімшіліктің бұйрықтарында немесе өкімдерінде айқындалған басқа да құжаттар.



  1. Барлық деңгейдегі ХТО арналған есептік және пайдалану құжаттарына мыналар жатады:

шығыс жеделхаттарды ХТО-дан жіберген кезде олардың түпнұсқалары;

ХТО арқылы өткен хабарламалар мұрағаты;

осы Технологияға 11-қосымшаға сәйкес формасы бойынша ХТО жұмыс журналы;

осы Технологияға 1-қосымшаға сәйкес хабарламалардың кешігу және келмеу себептеріне тексеру жүргізу журналы;

осы Технологияға 12-қосымшаға сәйкес формасы бойынша ХТО арналары бойынша хабарламалар трафигі;

авиациялық электр байланысы органының немесе ХТО-ны иеленетін әкімшіліктің бұйрықтарында немесе өкімдерінде айқындалған басқа да құжаттар.



  1. Жеделхатты таратқаннан кейін AFTN станциясының қызметкері бланкіге мынадай белгі қояды:

жіберілген хабарламаның (хабарламалардың) белгісі мен арнаның реттік нөмірі;

хабарламаның (хабарламалардың) желісіне тарату уақыты;

AFTN станциясы қызметкерінің қолы.


  1. Тәулік аяқталғаннан кейін AFTN станциясының қызметкерлері шығыс және транзиттік жеделхаттар балнкілерін тігеді, оларға күні, айы, станция қызметкерінің қолы қойылып, мұрағатқа арнайы бөлінген жерге орналастырылады.

  2. Мұрағаттың барлық түрлерін ұйымдастыруды, есептік және пайдалану құжаттамасының болуын, сақталуын, жай-күйін қамтамасыз етуді AFTN станциясының басшысы жүзеге асырады.

  3. Құжаттаманы сақтаудың мынадай мерзімдері белгіленеді:

шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары, бақылау орамдары немесе АРМ мұрағаттары, транзиттік хабарламалар журналы, ХТО мұрағаттары –
30 тәулік;

хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналы, ХТО жұмысын есепке алу журналы, хабарламалардың кешігу және келмеу себептеріне тексеру жүргізу журналы – соңғы жазба енгізілген күннен бастап 30 тәулік;



осы Технологияның 12-қосымшасына сәйкес хабарламалардың ХТО арналары бойынша трафигі туралы деректер – соңғы жазба енгізілген күннен бастап 12 ай.

______________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет