Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
id174798

1.4. Сурет.Кіреуке призмалары: а — көлденең кесіндіде доғатәрізді 
пішінді призма; б — тігінен кесінді; 
Бұрын әр призманың айналасында құрамында органикалық материалдар 
өте көп призмааралық кеңістік деп аталатын қабықша бар деп есептеген. 
Замануи зерттеу әдістері, мысалы электронды микроскопты қолдану 
барысы призмааралық аймақтың призмадан тек қана 
гидроксиапатиттердің кристалдарының орналасуымен ғана 
ерекшеленетіні анықталды. Кіреуке кристалдарының ұзындығы орташа 
160, ені -40-69, ал қалыңдығы шамамен -1нм. Кіреукеде байланысқан 
гидратты судан басқа микрокеңістікте орналасқан бос денелі су 
кездеседі. Осы суды кіреуке сұйығы деп атайды. Болжамдау бойынша 
гидратты қабат және кіреуке сұйықтығы қоршаған ортамен және кіреуке 
кристалдары арасында иондық зат алмасуды қамтамасыз етеді. Қағидаға 
сүйенсек герероиондық зат алмасу да болуы мүмкін. Мысалы, 
гидросильді ион фтор ионымен алмасады да кіреукенің қышқылға 
беріктігін арттырады. Кіреукенің 75% дан астам апатиттері гидро-
ксиапатит Са10(РО4)6(ОН)2 болып табылады. Фторапатит шамамен 0,7% 
құрайды. Гидроксиапатиттің құрамында кальций және фтордың молярлы 
қатынасы 1,67 құрауы, кіреукенің тісжегіге беріктігін қамтамасыз етеді. 
Бүтін кіреуке шлифінде кіреуке пластинкасы (ламеллалар)және кіреуке 
шоғырлары анықталады. 
Кіреуке пластинксаы дентин-кіреуке байланысынан басталып тіс 
сауытының беткейіне дейін барады. Олардың ең көп орналасқаны тіс 
мойыны болып табылады. 


Кіреуке шоғырлары дентин-кіреуке байланымын бойлай тек қана 
кіреукенің ішкі қабатында орналасады. Бұл өсініділер органикалық затқа 
бай кіреуке аймағы болып келеді. 
Органикалық заттар ақуыздардан, липидтерден және көмірсуларынан 
тұрады. Аминдіқышқылды құрамы бойынша кіреуке ақуыздарын кератин 
тобына жатқызуға болады. 
Дентин-кіреуке байланымы талшықты құрылым түріндегі дентинге және 
кіреукеге бойлай енген көптеген органикалық заттан тұрады. (1.5 
сурет). 
Тістің бетінде тіс жарып шыққаннан кейін ауыз қуысы ортасы мен тістің 
қатты тіндеріне әсер ететін әртүрлі құрылымды өсінділер болады. 
Тіс жарып шыққанға дейін кіреуке беті екі қабаттан тұратын кутикуламен 
жабылып тұрады. Ішкі қабат, немесе біріншілік кутикула 
энамелобластардың бөліп шығару әсерінен пайда болған жұқа гомогенді 
қабық қалыптастыратын гликопротеиндерден құрылады. 
Сыртқы қабат, немесе екіншілік кутикуланы жетілдірілген кіреуке 
мүшесінің эпителиі болып саналады. Тіс шыққаннан кейін ас шайнау 
нәтижесінде кутикула жойылып, жартылай тістің бүйір беткейлерінде 
және беткей асты қабатында сақталып қалады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет