Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
id174798

1.20.Сурет.Үстіңгі жақтың үшінші үлкен азу тісі: а — вестибулярлы беті; 
б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д - окклюзиялық 
беті; е — тігінен кесінді; 
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.21сурет) 
Тіс сауыты 
Астыңғы жақтағы азу тістердің ең үлкені. Тіс сауытының пішіні 
куб тәріздес. Вестибулооральді бағытта біршама ұзарған. Тістің 
окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасады. Екеуі оральді, 
екеуі вестибулярлы, біреуі дистальді. Шайнау бетінде 
төмпешіктер арасымен өтетін екі сай бар: біреуі медиодистальді, 
ал басқасы вестибулооральді бағытта өтеді.
Тіс қуысы 
Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Тіс қуысы күмбезі 
төмпешіктер проекциясы аймағында тереңдеу келеді. Тіс 
қуысының табаны окклюзиялық жағында дөңестеу. Қуыстың 
табанында үш түбір өзегінің сағасы орналасқан.
Нұсқалар Өте аз жағдайда шайнау бетінде 6 төмпешік болады: үш 
вестибулярлық және үш оральді. 
Тіс түбірі Ережеге сәйкес екі түбір — медиальді және дистальді түбір
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Дистальді түбірде кең бір өзек болады, медиальді түбірді –екі 
өзек, ұрттық және тілдік. 
Нұсқалар 
Кейде дистальді түбірдің екіге бөлінген нұсқасы кездеседі. Бұл 
жағдайда түбір өзегі 4-еу болады. Түбірлердің бірігіп қосылуы 
өте сирек (2,3–5,0%) кездеседі. Сирек екі түбір өзегі болуы 
мүмкін.


1.21. Сурет.Астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля 
беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — 
өзектердің көлденең кесіндісіндегі түбір өзектерінің сағасының орналасу 
нұсқалары; 
ж — тігінен кесінді; 
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.22сурет) 
Тіс сауыты 
Негізінен екінші үлкен азу тістің пішіні бірінші азу тіске ұқсас. 
Көп жағдайда окклюзиялық бетінде 4 төмпешік орналасады: екі 
оральді және екі вестибулярлы. Вестибулооральді және 
медиодистальді бағытта төмпешіктер арасынан сайлар өтеді. 
Сайлар крест тәріздене орналасады.
Тіс қуысы 
Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағынан дөңестеу және тіс 
мойынынан төмен орналасады. Тіс қуысы табанында өзектердің 
үш сағасы орналасады. 
Нұсқалар 
Кейде 3 тен 6 ға дейін төмпешіктер болуы мүмкін. Үштөмпешікті 
нұсқа кезінде сайлар Y әріпі секілді, ал 4 төмпешікті нұсқа 
кезінде сайлар Х тәрізді. 
Тіс түбірі Тіс екі түбірлі- алдыңғы және артқы. Дистальді түбір медиальді 
түбірге қарағанда қысқа және тарлау. 
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Көп жағдайда үш өзек болады. Бір дистальді екі медиальді. 
Соның ішінде дистальді өзек ең кең өзек болып келеді. 
Нұсқалар 
Түбірлер көп дәрежеде толықтай қосылып кетуі мүмкін. Ең 
жақсы дистальді түбір бейнеленеді. Өте аз екі өзектің қосылуы 
байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет