Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


Тістердің тісжегісі.  2.1. ТІСЖЕГІМЕН ЗАҚЫМДАНУДЫҢ БЕЛГІСІН БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
id174798

2.1.Тістердің тісжегісі. 
2.1. ТІСЖЕГІМЕН ЗАҚЫМДАНУДЫҢ БЕЛГІСІН БАҒАЛАУ 
Тістің қатты тіндерінің популяциясы жағдайын бағалау белгісі сүт және 
тұрақты тістерде тісжегінің таралуы және қарқындылығы болып 
табылады. 
Тістерде тісжегінің таралуы — бұл пайыздық өлшемде белгіленген 
жалпы тексеруден өткен адамдар санының ішінде тістерінде тісжегінің 
қандай да бір көріну белгісі бар (тісжегі, пломба, жұлынған тіс) адамдар 
санының қатынасы. 
ДДҰ 12 жастағы балалар арасындағы тістерінің тісжегімен зақымдануын 
бағалау критериі. 
12-жасар балалар арасындағы тісжегінің таралу деңгейі (ДДҰ критериі): 
төмен 0–30%; орташа 31–80%; жоғары 81–100%. 
Тісжегінің қарқандылығы — бұл бір пациентте немесе тексерілген 
топта тісжегімен зақымданудың ( тісжегі, пломда, жұлынған тіс) 
клиникалық көрісінің қосындысы. 
Уақытша тістерде тісжегінің қарқындылығын бағалау үшін келесі 
сынаманы (индекс) қолданады: 
• тпж (т)—тексеруден өткен бір баланың тісжегімен зақымданған, 
пломбаланған және жұлынғын тістерінің санының қосындысы, 
• тпж (п)— тексеруден өткен бір баланың тістер бетінінің тісжегімен 
зақымданған, пломбаланған және жұлынған тістер санының қосындысы. 


Ескерту. Жұлынған тістердің немесе беттердің санын түбірлердің 
физиологиялық сорылуына дейін тек қана уақыттан бұрын жұлынған 
тістерде ғана анықтайды. 
Тұрақты тістерде тісжегінің қарқындылығын бағалау үшін төмендегі 
сынаманы қолданады: 
• ТПЖ (т)— тексеруден өткен науқастағы тісжегімен зақымданған, 
пломбыланған және асқынған тісжегімен жұлынғанімен зақымданған 
тістер тістер санының қосындысы
• ТПЖ (п)— тексеруден өткен бір науқастағы тісжегімен зақымданған 
тістер бетінің, пломбаның және асқынған тісжегімен жұлынғанімен 
зақымданған тістер тістер санының қосындысы; 
Ескерту: Егер алдыңғы тістер тобында тіс жұлынсаТПЖ(п) сынамасын 
есептеуде4 бетті, ал азу тістер тобында тіс жұлынса 5 бетті есептейді. 
Тісжегінің қарқындылық сынамасын анықтау кезінде кіреукедегі 
минералданудың ошақтана бұзылуының бастапқы түрін есепке алмайды. 
Тісжегінің қарқындылығын тістердің ауысуы кезінде бағалау үшін (6 - 12 
жас) тістерде және беттерінде ТПЖжәне тп сынамасын қолданады. 
Уақытша және тұрақты тістерінің және беттерінің тісжегі қарқындылығын 
жеке есептейді. 
Тексерілген топ арасындағы тісжегінің қарқындылығы-бұл тістердегі 
тісжегі немесе беттерінің қарқындылығы сынамасының тексерілгендер 
санына жекедара көрсеткіштерінің қатынас қосындысы. 
Тістерде тісжегі қарқындылығы деңгейі (ТПЖ сынамасы бойынша) 12-
жастағы балалар және ересек адамдарда (ДДҰ критериі ): 
12 жас 
Қарқындылық деңгейі 35–44 
0–1,1 
Өте төмен 
0,2–1,5 
1,2–2,6 
төмен 
1,6–6,2 
2,7–4,4 
орташа 
6,3–12,7 
4,5–6,5 
жоғары 
12,8–16,2 
6,6 және жоғары Өте жоғары 
16,3 және жоғары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет