1.23.Сурет.Астыңғы жақтың үшінші үлкен азу тіс: а — вестибулярлы
беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —
тігінен кесінді; ж — көлденең кесінді;
1.5. ТІС ҰЛПАСЫ.
Тіс ұлпасы (
pulpa dentis-пульпа зуба) әр түрлі жасушалық
элементтерден,
жасушааралық заттардан, қан тамырларынан, нерв
талшықтарынан, рецепторлық аппараттан тұратын күрделі дәнекертіндік
ағза болып табылады.
Ұлпа тістің сыртқы анатомиялық пішінін қайталайды да сауыт және түбір
ұлпасы болып бөлінеді. Тіс сауытында ұлпа шайнау бетінің рельефіне
сәйкес келетін биіктік құрайды. Бір түбірлі тістерде тістің
сауыт ұлпасы
еркін түбір ұлпасына ауысады да түбір өзегіне 2-3 мм енеді. Түбір ұлпасы
сауыт ұлпасына қарағанда тығыздау және құрамында капиллярлар, нерв
талшықтары бар. Түбір ұлпасы түбір ұшы
тесігі арқылы периодонтпен
жалғасады.
Ұлпа қызметі:
• пластикалық қызметі — одонтобластардың қызметі әсерінен екіншілік
дентинді тұрақты құрылуына қатысуы;
• трофикалық қызметі — одонтобластар мен
қантамырлардың болуы
әсерінен дентинді сұйықтықпен қамтамасыздық етуі;
• сенсорлық қызметі — ұлпа құрамында нерв
талшықтарының көп болуы;
• қорғау және құру, түзелу қызметі — үшіншілік дентиннің, зақымдануға
қабыну ретінде жауап беру, гуморальді және жасушалық реакцияның
түзелу;
Достарыңызбен бөлісу: