2.8.Сурет.FDI жүйесі.
ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ
Тістер тісжегісінің пайда болуына замануи көзқарасқа дейін
осы ауруды
тұындатушы көптеген теориялар ұсынылған. Тісжегіні зерттеуге үлкен
ықпал еткен клиникалық және экспериментальды мәліметтерге сүйене
отырып ХIХ ғасырдың соңында Миллер ұсынған химико-паразитарлық
теория болды. Миллердің ұйғаруынша, тістер ауызда
көмірсулы тағамдар
болғанда микроорганизмдердің әсерінен бұзылады. Тісжегінің басталу
үрдісін көмірсулы тағамдар қалдығының микроорганизмдердің
қатысуымен ыдырауынан пайда болған органикалық қышқылдардың –
пирожүзім, алма, сірке және сүт қышқылдарының әсерімен
байланыстырды. Сонымен қатар тамақтық
заттар құрамында келетін
басқа қышқылдардың да әсерін теріске шығарған жоқ. Тісжегінің дамуы
екі кезеңнен тұрады: оның ойынша бірінші кезеңде ауыз сұйығының РН-
ы төмендеуі немесе қышқылды ортаға ауысуына байланысты кіреуке мен
дентин минералсызданады. Тек минералды заттардан тұратын кіреуке
қышқылдар әсерінен толығымен ериді. Екінші кезеңде дентиннің
органикалық заттары микробтар бөліп шығаратын ферменттердің
әсерінен ыдырайды. Қышқылдар мен бактериялардың ролін ескере
отырып, Миллер тісжегінің дамуына қолайлы факторларға (сілекейдің
мөлшері мен құрамы, тамақтану ережесі және тамақтың құрамы сияқты)
аса мән берді. Тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін, кіреукеніің
қалыптасу кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайларды да назарынан тыс
қалдырған жоқ.
Миллер өзінің теориясын эксперименталды жолдармен дәлелдеді.
Адамның жұлынған тістерін жақсы шайналған наннан,
сілекейден және
2-4% қант ертіндісінен туратын қоспаға орналастырып, 37°C
температуралы термостатқа қойды. Бірнеше (4-6) аптадан кейін тісті
алып байқағанда, кіреукеде тісжегі кезінде орын алатын минералсыздану
үрдісін анықтаған.
Миллердің теориясы клиникалық дәлелге де ие болды. Ол – тістің
беттеріндегі табиғи сызаттар мен ойықтарда, жанасу беттерінде және
мойындарында (тамақ қалдықтары жиі орналасатын аймақтар) көмірсулы
тағамдарды жиі пайдалағанда тісжегінің жиі дамуы.
Автордың теориясының ең әлсіз жері – тісжегінің дамуындағы ауыз
сұйығының РН-ның (реакциясының) төмендеуі көптеген сыни пікірлер
мен таластар тұғызады.
Шынына келсек, сілекейдің буферлік қасиетіне
байланысты ауыз сұйығының реакциясы әрқашанда бейтарапты немесе
әлсіз сілтілі (рН 6,8-7,0) ортаға тең және кез-келген қиын жағдайлардың
ықпалы кезінде де кіреукені минералсыздандыратын қауіпті деңгейге
дейін (рН 4,5-5,0) ешуақытта төмендемейді.
Дегенмен бұл теория тісжегінің дамуын түсіндіретін теориялардың (400ге
жуық) ішіндегі ең маңыздысы болды және көптеген клинико-
лабороториялық зерттеулердің нәтижесінде жаңа мағлұматтармен
толықтырылып, тісжегінің пайда болу себептерін дәлелдей алатын қазіргі
кездегі көзқарастың қалыптасуына негіз бола алды.
1928 жылы Д.А.Энтин тісжегінің физико-химиялық теориясын ұсынды.
Бұл теория бойынша тіс тіні екі орта шекарасында орналасқан –ауыз
сұйықтығы мен тіс ұлпасы, жартылай өткізгіштік
мембрана болып
табылатынын айтқан.
Ғалымның болжамы бойынша ортаға ұмтылған бағыттағы осмостық
токтың басым болуы тістің қатты тіндерінде патологиялық өзгерістің
туындауына ықпал ететінін және соның салдарынан кіреукенің ұлпадан
қоректенуі бұзылып, кіреукеге сыртқы агенттердің ықпал етуінің артуына
байланысты тісте тісжегі пайда болады.
Д.А.Энтин (1928) ұсынған нервті-трофикалық теориясы, И.Г.
Лукомскийдің (1948) тісжегінің биологиялық теориясы, А.Э.Шарпенактың
(1949) зат алмасу теориясы, А.И. Рыбаковтың (1971)тістерде тісжегінің
патогенезінің жұмысшы концепциясы сияқты теориялар бізге мәлім.
Тістердің тісжегісі тіс шыққаннан кейін оның минералсыздануы және
қатты тіндерінің протеолизденуі инфекциялық үрдіс екені дәлелденді.
Соның әсерінен пайда болатын қуысты ақау.
Қазіргі кезде тісжегі кіреукеде минералсыздану үрдісінен басталатынына
ешкімде күмән туғызбайтын ақиқат екені белгілі. Минералсыздану
кіреукенің сыртқы қабаты сақтала тура, астыңғы қабатында жүреді.
Минералсыздандыру үрдісінің тікелей себепкері – тіс қағының
құрамындағы микроорганизм ферменттерінің көмірсулы тағамдар
қалдығын ыдыратуынан пайда болған органикалық қышқылдар.
Соңғы жылдардағы біраз ғалымдардың зерттеулері тісжегінің бастапқы
кезеңінде (тісжегі дағы) жарақат ошағында біршама минералсыздану
үрдісі орын алатынын дәлелдеді.Тісжегінің бастапқы даму кезеңін былай
деп түсіндіреді: белгілі жағдайларда (тістер дұрыс тазаланбаған
жағдайда, ас қалдықтары тістердің беттерінде көп жиналған кезде,
сілекейде мөлшерлік және сапалық өзгерістер байқалса) тіс беттерінде
жұмсақ тіс қағы немесе микробты қақ (микробная бляшка) құрылады
және көмірсулардың ыдырауынан пайда болған қышқылдардың әсерінен
қақ астындағы ортада рН кіреуке төзгісіз деңгейге дейін (критический
уровнень) төмендейді (4,5-5,0). Сонымен қатар тіс
қағының ферменттік
жүйелері әсерінен кіреукенің органикалық қабықтары (пелликула және
кутикула) бұзылып, қышқылдар кіреукеге тікелей әсер ете бастайды.
Сутегі иондарының (Н+) төзгісіз деңгейі ұзақ сақталған кезде кіреуке
бетінің кейбір тұрақсыз аймақтарында (призмааралық кеңістіктер,
Ретциус сызықтары аймақтарында) апатит кристалдар ери бастайды.
Қышқылдар енді кіреукенің астыңғы қабатына өтіп, ондағы минералды
компоненттерді де еріте бастайды. Құрамындағы гидроксиапатит
кристалдары еріп, бұзылысқа ұшырай бастаған кіреуке призмаларының
физикалық қасиеттері өзгеріп, сәуле сындырғыштығы төмендеуі
нәтижесінде
оның мөлдірлігі жойылып, бетінде ақбор түсті күңгірт тісжегі
дағы пайда болады. Астыңғы қабаттағы минералсыздану ошағы біртіндеп
жанжаққа қарай кеңейе береді, және призмааралық кеңістіктердің
кеңеюіне байланысты микрооргнизмдердің кіреуке ішіне енуіне жағдай
туып, енді қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысады. Тісжегінің бұл
кезінде кіреукеде минералсыздану үрдісі кіреукенің сыртқы бетіне
параллельді аймақта және ішке қарай дамығандықтан жарақат ошағы
конусқа ұқсас болып құрылады. Қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне
ауысқанмен оның сыртқы
қабаты көпке дейін бұзылмайды, мұның өзі
оның құрылымдық ерекшеліктеріне (фторапатиттің басым болуы) және
сілекей құрамындағы бейорганикалық компоненттер әсерінен қайта
минералданып отыруына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: