Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


 ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
id174798

2.9. ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ 
Тісжегінің кіреукедегі дақты кезеңінденегізі сыртқы бетке қараған, ал 
ұшы кіреуке-дентин шекарасына бағытталған үшбұрышты тәріздес 
зақымдану ошағы анықталады. поляризациялы микроскопиялау әдісімен 
зерттегенде кіреукеде үшбұрыш пішінді жарақат ошағы анықталады және 
оның табаны кіреукенің сырт бетіне қарай орналасқан . Жарақат 
ошағындағы өзгерістер дақтың аумағымен тығыз байланысты. Егер 
дақтың көлемі 2-мм аспаса, шлифте мөлдір және қараңғы белдеулер 


анықталады. Тісжегі дағының көлемі ұлғайған кезде үш белдеуді (зоны) 
ажыратады – жарақат денесі (тело поражения), қараңғы және мөлдір 
белдеулер. ( 2.10сурет). 
2.10.Сурет.Тісжегінің дақты кезеңіндегіминералсыздану белдеуінің 
схемалық суреттемесі (поляризациялық микроскопия): 
1 — беттік қабат (бүтін); 2 — зақымдану денесі; 3 — қараңғы белдеу; 4 
—мөлдір белбеу. 
•1белдеу — беткей қабат, ені 50 мкм дейінгі бүтін кіреуке. 
•2белдеу — орталық белдеу (зақымдану денесі), бұл белдеуде 
минералсыздану жақсы бейнеленген, микрокеңістіктердің көлемі 25%-ға 
дейін көбейген. Кіреукенің өткізгіштігі өте жоғары дәрежеде. 
•3 белдеу — қараңғы белдеу, бұл белдеуде микрокеңістіктер 15–17% 
құрайды. 
•4белдеу — ішкі қабат, немесе мөлдір белдеу, микрокеңістіктер көлемі 
0,75–1,5% құрайды. 
Дентин тісжегісі. Дентин тісжегісікіреуке –дентин байланыс аймағының 
бұзылуымен басталады және дентин түтікшелері бойымен тарап, ұлпаға 
қарай бағыт алады. Дентинде және ұлпада қорғаныс үрдісі басталады. 
Дентин түтікшелері семеді,ал одонтобластар өсінділері орталыққа қарай 
ығысады. Қорғаныс реакциясы нәтижесінде дентин және ұлпа 
шекарасында орынбасушы немесе қалыпты дентиннен дентин 
түтікшелерінің орналасу бағдарының аздап өзгешелігі бар ирегулярлы 
дентин түзеледі. 
Тісжегі кезінде дентиннің минералдаушы құрамының минералсыздануы, 
дезинтеграция және органикалық матрицаның еруі нәтижесінде 
құрылымдық бүтіндігінің бұзылуы жүреді. Дентиннің тісжегімен 
зақымданған ошағы 5 белбеуден тұрады. (2.11 сурет). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет