Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет11/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
id174798

1.5.Сурет.Дентин-кіреуке байланысы: 1 — кіреуке; 2 — 
дентин; 3 — дентин-кіреуке байланысы 


Кіреуке беткейінде пелликула қалыптасады. (жүре пайда болған 
кутикула). Ол негізінен сілекеймен араласу кезінде пайда болған 
ақуызды-көмірсулы кешеннен тұрады. Бұл қабық кіреукеге қышқылды 
диффузияның және кальций, фосфат ионының кіреукеден шығуына 
кедергі жасайды. 
1.3.2. ДЕНТИН ҚҰРЫЛЫМЫ 
Тістің негізгі құрамы дентиннен тұрады. Сауыт бөлігіндегі дентин 
кіреукемен, ал түбір бөлігіндегі дентин цементпен жабылған. Дентиннің 
70% дан көбі бейорганикалық заттардан тұрады. Дентиннің негізгі 
заттары диаметрі 1–5 мкм болатын дентин түтікшелеріне енген. ( 1.6 
сурет). Тіс ұлпасынан түтікшелер кіреуке және цементке қарай 
шеңберленген бағытпен жүреді. Дентин түтікшелерінің диаметрі 
орталықтан шетке қарай кішірейеді. Қалыпты жағдайда олардың саңлауы 
одонтобласт өсінідлерімен толыққан. Дентиннің негізгі заттары 
құрамында коллаген талшықтары болады. Тіс тіндерінің қалыптасуы 
кезінде пайда болған дентинбіріншілік дентин деп 
аталады. Ұлпамаңындағы дентин — ішкі, дентин қабатының ең қалың 
қабаты. Онда коллаген талшықтары негізінен тангенциальді орналасқан 
және олар Эбнер талшықтары деп аталады. 
а б 
1.6.Сурет.Дентин түтікшелері: а — тігінен кесінді; б — көлденең кесінді; 
Гидроксиапатиттің кристалдары дентинде оптикалық микроскоппен 
көрінетін глобул түрінде жиналады. Глобулдер әртүрлі көлемде болады: 
сауыт бөлігінде ірілеу, ал түбір аймағында ұсақтау болады. Глобулдер 
арасында минералданбаған дентин аймағы –интерглобулярлы дентин 
орналасады. Оның глобулярлы дентиннен айырмашылығы кальций 
тұздары болмайды. Интерглобулярлы дентин аймағында дентин 
түтікшелері өз бағытын өзгертпестен үзілмей жүріп отырады. Тіс түбірі 
аймағында дентин-цемент байланысы маңында интеглобулярлы дентин 
өте ұсақ тығыз орналасып, күңгірт жолақты дәнді Томс қабатын құрайды. 
Одонтобласт қабатына жататын ұлпамаңындағы дентиннің 
жартысы предентин деп аталады. Предентин қатаймаған немесе толық 
минералданбаған, оның қалыңдығы 10-50мкм. Предентин құрамында 
дентин түтікшелеріне перпендикулярлы бағытталған коллаген 
талшықтары болады.Предентин адам өмірінің барлық уақытында түзіледі. 


Жаңа қабаттардың пайда болуына қарай ескі қабаты минералданады. 
Предентиннің тұрақты қабаттану нәтижесінде тіс қуысы біртіндеп тарыла 
бастайды. 
Тістер шыққаннан кейін пайда болған дентин екіншілік дентин деп 
аталады. Екіншілік дентин құрылымы аздап дұрыстаулығы оның дентин 
түтікшелерінің бағытының реттілігімен және олар қалыпты жағдайға 
қарағанда тарлау , саны жағынан аз болып келеді. 
Тісжегі кезінде, тістің қатты тіндерін егеуде, тістің қатты тіндерінің 
қажалуында одонтобластар өсіндісінің тітіркенуі жаңадан бір үлес 
дентиннің түзілуіне әсер етеді. Оны екіншілік (үшіншілік) орынбасушы 
дентин деп жүйелейді. Бұл дентинәртүрлі құрылымды болады.Онда 
дентин түтікшесі бар немесе толығымен жоқ аймақтар да, сонымен қатар 
бейберекет тәртіпсіз орналасқан коллаген талшықтары да кездеседі. 
Міне сондықтан осындай дентинді иррегулярлы, немесе дұрыс 
құрылымнан айырылған дентин деп те атайды. Баяудамыған тісжегіде, 
тісті одонтоегеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар 
өсіндісінің төмендеуі нәтижесінде интерглобулярлы дентиннің 
минералдануы мүмкін. 
Осы кезде дентиннің минералданған қабаты түзіледі. Егер сәуле түсіріп 
қарайтын болса ол ақшыл, мөлдір түстес болып көрінеді. Мұндай дентин 
мөлдір немесе тығыздалған дентин деп аталады. Тісжегіде, тістің қатты 
тіндерінің тез қажалуында және тістерді егеп тазалау кезінде 
одонтобласттардың бір бөлігінің жойылуы және ұлпаға жақын 
орналасқан дентин түтікшелерінің иррегулярлы дентинмен алмасуы 
мүмкін. 
Түтікше ішіндегілер ыдырауға ұшырайды. Мұндай түтікшелер сәулемен 
қарағанда қара болып көрінеді және ол өлі жол деп аталады. Дентиннің 
осы аймағындағы сезімталдық төмендейді. 
1.3.3. ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Цементтүбір дентинін толықтай жауып жатқан тығыз, қатайған тіс тіні 
болып табылады. Цементтің қалыңдығы тістің мойын бөлігінде 20-50 мкм 
болса, ал түбір ұшына қарай бағытында цемент қабаты қалыңдап 1500 
мкм құрайды. 60% жағдайда цемент кіреукемен қабаттасады, ал 30% 
кіреукемен түйісе орналасса, 10% жағдайда цемент және кіреуке 
жиегінде ашық дентин аймағы қалады. Кіреуке-цемент байланысы әр 
тістер тобында және бір тістің әр беткейінде бірдей емес. Цемент өзінің 
құрылымы және химиялық құрамы жағынан дөрекіталшықты сүйекке 
ұқсас келеді, бірақ 
сүйектен айырмашылығы қан тамырлары болмайды. 
Цементтің бейорганикалық бөлігін 50–60% гидроксиапатиттің 
кристалдарынан тұрса; ал органикалық бөлігі негізінен I типтегі 
коллагеннен тұрады. Цементтің сүйектен айырмашылығы сүйекте 
қалыпты жағдайда сорылу үрдәсәмен қатар жаұа сүйек тінінің 
қалыптасуы жүретін болса, ал цементте сорылу үрдісі жүрмейді. 


Цемент коллагені периодонттағы цементобластардан және 
фибробластардан құрылады және ол жалғыз пайда болу көзі болап 
табылады. Цементобластар ішкі коллаген талшықтарын, ал фибробластар 
сыртқы коллаген талшықтарын түзейді. Ішкі диаметрі кіші 
талшықтарцементтің өзіндік талшықтары цементтің беткейімен 
параллельді жүріп отырады. Сыртқы талшықтардың диаметрі үлкен, 
периодонта қалыптасып, шарпеев талшықтары түрінде цементке еніп 
оның беткейіне тік бұрышта жүреді. Бұл талшықтар тістің альвеолада 
мықты тұруын қамтамасыз етеді. 
Жасушалықсыз немесе біріншілік және жасушалық-екіншілік цемент 
болып бөлінеді. ( 1.7сурет). 
Жасушаллықсыз цементте жасуша болмайды. Ол жұқа қабатпен тістің 
мойын бөлігін және түбірдің бүйір беткейін жабады. 
Онық қалыңдығы 30–50 мкм құрайды. Жасушалық цемент түбірдің түбір 
арасында және түбірдің ұшы бөлігінде орналасады және саны жағынан 
өте көп жасушалы өсінділері бар цементоциттерден тұрады. Цементоцит 
цементте және цементобласт қалыңдығы арасында цемент беткейінде 
орналасады. Жасушалық цемент жасушалықсыз цемент қабатында 
немесе тікелей дентинде де орналасуы мүмкін. 
Жасушалықсыз цементке қарағанда жасушалық цемент тез түзіледі және 
цементобластар цементоциттерге ауысып отырады. Цеменнтоциттер –бұл 
ірі ядролы және көптеген тармақталған өсінідісі бар жасушалар. Терең 
қабаттарда цементоциттер тез өліп, өзінен кейін лакун қалдырады. 
Периодонтқа жақын қабаттарда бұл жасушалар жақсы қызмет етеді және 
цементобластармен ұқсастығы бар. Цементобластар цементтің пайда 
болуын қамтамасыз ететін белсенді жасушалар болып саналады. 
Цементтердің көп түзілуі гиперцементозға алып келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет