Кіреукенің қалыңдығы тіс сауытының әрбір аймағында әртүрлі және оның
қалыңдығы кіреуке цемент байламында 0,01мм болса, шайнау
беткейінде, төмпешіктерде 3,5мм құрайды.
Кіреукенің химиялық құрамы: су — 3,8%, органикалық заттар —1,2%,
бейорганикалық заттар — 95%, соның ішінде кальций — 37%, фосфор —
17% құрайды.
Кіреукенің пайда болуы тіс бүртікшесі ұшында дентиннің пайда болуынан
кейін басталады. I кезеңде энамелобласттар (амелобласт) коллаген
типтес емес ақуыз — амелогениндерді және энамелиндерді бөледі.
Кіреукенің негізгі ақуызы барлық ақуыздардың 90% құрайтын
энамелобласттар бөлетін амелогенин болып келеді.
Бұл ақуыздар гидроксиапатиттер
кристалының ұзындыққы, қалыңдыққа,
еніне қарай өсуін реттеп отырады деп есептейді. Кіреукеде ақуыздардың
қабаттануымен қатар гидроксиапатит кристаллдарының
пайда болуы
кіреукенің минералдануына әсер етеді.
Бейорганикалық заттардың негізгі түсу көзі энамелобласттар болып
табылады. Қайта қалыптасқан кіреуке көптеген органикалық заттардан
тұрады. Кіреукенің даму барысында құрамындағы ақуыздар көптеп азая
бастайды. Кіреукенің призмалық құрылымы энамелобластарда Томс
өсінділерінің пайда болуынан бастап қалыптаса бастайды. . Олар
кіреукеде заттың бағыттала қабаттану үрдісін реттейді және оны ары
қарай ұйымдастырады. Сонымен қатар призманың
қалыптасу кезіне
гидроксиапатиттің кристалдарының бағытын реттеп отырады. Орталық
бөлімде призма кристалдары ось бойымен орналасса, шет жақтарында
ретсіз орналасады және призма осьіне тік бұрышпен бағытталуы
мүмкін.Тістердің жарып шығуы барысында энамелобластар жетіледі де
кіреуке беті жұқа қабықпен кутикуламен жабылады. Кіреуке
призмасының диаметрі 4–6 мкм. Кіреуке призмасының негізі
дентинкіреуке байланысында орналасады. Бұл байланыстан призмалар
кіреукенің барлық қалыңдығына қарай тарала отырып тістің
беткейіне
дейін жетеді.
Кіреуке призмасының жолы шамамен тіс сауыты осіне негізінен
радиальді орналасқандықтан өте күрделі болып келеді.Призманың
ұзындығы S- тәрізді имектік болуына байланысты кіреуке қалыңдығынан
аздап көп болады. Призмалардың имектігі нәтижесінде кіреукенің тігінен
және көлденең кесінді шлифінде призмалардың әртүрлі оптикалық
тығыздығы бар екендігі бірін бірі алмастырып отыратын Гунтер –Шрегер
жолақтары деп аталатын ашық және күңгірт аймақтардың әсерінен
туындайды.
Кіреукенің тығыздыну үрдісінің ерекшелігі онда Ретциус
сызықтарының
болуымен сипатталады. Бұл сызықтар тігінен кесінде шлифінде кіреукені
қисық бағытта кесіп өтеді, ал көлденең кесінді шлифінде
тіс беткейімен
параллельді жүретін концентриялық шеңбер түрінде орналасқан.
Ретциус сызығы кіреукенің минералдану үрдісінің біртегістік емес
екендігін сипаттайды және энамелобласттардың қызметінің тыныштау
кезеңіне сәйкес. Бұл аймақтарда кіреуке аз минералданған. Ретциус
сызығы дентинкіреуке шекарасынан басталып кіреукенің барлық
қабатын қиғай өтіп кріеуке бетінде бір-бірінен
өте терең емес
төмпешікпен бөлінген білікпен аяқталады.
Сауыттың беткейін толықтай қоршап тұрған және параллельді қатармен
орналасқан біліктер –
перикимат деп аталады. Кіреуке
призндімаларында оның тәуліктік минералдануын суреттейтін көлденең
жолақтар бар. Призмалар көлденең кескінде көп пішінді, сопақша немесе
дұрыс емес пішінді болып келеді. Призмалардың доға тәріздес түрі ең көп
кездеседі. ( 1.4сурет).
а
Достарыңызбен бөлісу: