Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет8/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
id174798

1.2. ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ 
Адамда тістердің дамуы шамамен эмбриональді дамудың 6-7 аптасында 
басталады. Сыртқы ұрықтық жапырақ (эктодерма) кіреукенің және оны 
жауып тұратын кутикуланың қалыптасуына қызмет етеді. Цемент, дентин 
және ұлпа—мезенхиманың туындысы болып келеді (эктомезенхима). 
Тіс тіндерінің қалыптасуы (одонтогенез) үш кезеңнен тұрады. Бірінші 
кезеңде тіс ұрықтарының салына бастауы жүреді. Осы кезеңде 
мезенхима тініне қарай өскен көпқабатты жалпақ эпителий тіс 
пластинкасын құрайды. Бұл пластинканың кейбір аймақтарында болашақ 
кіреуке органы сүт тістердің ұрығы қалыптасатын эпителий өсіндісі 
басталады. 


10-шы аптада әрбір болашақ кіреуке органы мезенхимаға қарай өсе 
бастайды. Осыдан бастап тіс бүртікшесі қалыптасады. Осыдан кейін 
кіреуке органы ұлғаяды және тіс пластинкасынан бөліне бастайды. 
Эмбриональды дамудың 3-ші айының аяғында кіреуке органы кіреуке 
органының мойыны аталатын жұқа эпителиальді тартпа түріндегі тіс 
пластинкасымен қосылады. 
Кіреуке органы айналасында бір уақытта мезинхима өсіп тіс қапшығы 
құрылады. Кіреуке органы мойыны тінінен және тіс пластинкасының бос 
бөліктегі қалған эпителийден тұрақты тістердің ұрығы қалыптасады. 
II кезеңді тіс ұрығының дифференцияциясы жүреді. 
Дифференцияцияаланбаған кіреуке органының жасушалары және тіс 
бүртікшесі тіс кіреукесінің қалыптасуына жауап беретін энамелобласт-
жасушаға трансформацияланады. 
Тіс бүртікшесінің жасушаларының дифференциялану үрдісі кезінде 
дентин түзеуші одонтобласты жасуша преодонтобласттардың түзелуі 
жүреді. 
Осы кезеңде тіс ұрығының пішіні болашақ тіс сауытының бөлігінің түріне 
сәйкес болады. Бір мезгілде кіреуке органының және тіс бүртікшесінің 
жасушаларының белсенді дифференциялануымен қатар тіс ұрығын 
қоршаған тіндерде жақ тінінің сүйегінің қалыптасуы жүреді. 
Кіреуке органы мойыны эпителиі осы кезеңде толығымен сорылады және 
тіс ұрығының тіс пластинкасымен байланысы жойылып жартылай 
мезенхимаға ауысады. 
III кезең, гистогенез — кіреуке, дентин, цемент және ұлпаның дамуы 
пайда болатын соңғы кезең. ( 1.3сурет). 
Гистогенез кезеңі эмбриональді дамудың 3-ші айының соңында басталып 
тістер шыққанға дейін созылады. Осы кезеңде дентин 
одонтобластарының түзелуі басталады. Одонтобластар талшықтары 
алғашында тіс бүртікшесінің ұшында орналасатын коллаген және 
органикалық дентин матриксы компоненттерін синтездейді. 
Пайда болған одонтобластардың шеттік өскіндері пайда болған 
коллагенмен жабылып дентин түтікшелерін қалыптастырады. 
Эмбриональді дамудың 5-ші айында дентиннің органикалық мариксінің 
минералдануы басталады. Алғашқы дентиннің пайда болуынан кейін 
кіреуке органының эпителиальді жасушасы есебінен пайда болған 
кіреуке, тіс бүртікшесі ұшында призматикалық құрылымда көрінеді. 
Міне осындай құрылым энамелобластардың дифференциялануының 
бітуінен пайда болып Томс өсінідлерінің пайда болуымен және 
эндоплазматикалық торлы түтікшелердің көбейуімен, жасушалардың 
секреторлы қызметінің артуымен сипатталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет