Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет6/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
id174798

1.1. СуретЖанасу нүктелерінің орналасуы: а — үстіңгі жақтың 
окклюзиялық проекциясы; б — үстіңгі және астыңғы жақтың 
вестибулооральді проекциясы; в — астыңғы жақтың окклюзиялық 
проекциясы; 
Әрбір тіс тіс доғасында көрші тістермен медиальді және дистальді 
беткейлерімен түйіседі. Түйісу алаңы көптеген дәрежеде адамның 
жасына байланысты болады. 
Тіс жарып шыққаннан кейін тістер арасында нүктелі жанасу пайда 
болады. Уақыт өте келе тістер тістердің қызмет ету үрдісі барысында 
тұрақты үйкеліс нәтижесінде және тістегі физиологиялық қозғалыс 
әсерінен жанасу аймағы тегістеліп алаңға айналады. Жас ұлғаюына 
байланысты жанасу беткейінің қажалуына қарай тіс доғасының қысқаруы 
байқалады. 
Дұрыс қалыптастырылған және орналасқан жанасу нүктелері даму үрдісі 
және тісжегімен бұзылған тістерде дұрыс қалыптастырылған жанасу 
беткейлері ешқандай күмәнсіз тісаралық қызылиек бүртікшелерін сақтай 
отырып шайнау үрдісі кезінде пародонт тінін қорғауды қамтамасыз етеді. 
Одан басқа жанасу нүктелері тіс доғасында тістің тұрақты деңгейін 
сақтап тұрады. 
Жанасу нүктелері күрек және сүйір тістерде вестибулярлы-оральді 
бағытта күрек тіс сауытының үштен бірінде және де дистальді жанасу 
нүктесі астыңғы жақ ортаңғы күрек тістен басқасында аздап мазиальді 
төмендеу орналасады. Астыңғы жақ ортаңғы күрек тістерде сауыт 
бұрышы белгісі толық болмағандықтан жанасу нүктелері бір деңгейде 
орналасады. Күрек тістерден басқа барлық тістерде жанасу нүктесі 
окклюзиялық жазықтықта әр түрлі дәрежеде вестибулярлы жаққа қарай 
жылжығандықтан тіс сауытының ортаңғы үштен бірінде және 
вестибулярлы аймақта орналасады. Күрек тістерде жанасу нүктесі 
сауыттың ортасында орналасқан. Алдын алу шараларын тиімді жүргізу 
барысында жанасу нүктесін қоршаған кеңістіктің функциональдық 


маңызын және құрылымын есепке ала отырып тісжегі кезінде қуыстарды 
егеп тазалау және пломбылауды жүргізу керек. Міне осындай 
кеңістіктерге амбразур жатады. (1.2 сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет